07:43 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Сұхбат
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (853)
6552 0 0

Әжейдің денсаулығы сыр беріп, созылмалы аурулары асқынған. 82 жастағы қария мұндай сырқатпен күресуге жасы кедергі болады деп алаңдағанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Алматының 82 жастағы тұрғыны Нұрбағи Қапасова COVID-19-дан емделіп шықты.

Әжей ақпанда астанаға тойға келген. Той наурызда болуы керек еді. Алайда оның туыстарының бірінде коронавирус анықталып, 22 наурыз күні Нұрбағи Қапасова отбасындағы он адаммен бірге астаналық ауруханаға карантинге жатқызылды.

Нурбаги Капасова, 82-летняя жительница Алматы, вылечилась от коронавируса
© Sputnik / Абзал Калиев.
Коронавирустан емделіп шыққан жүзінші тұрғын 82 жаста

Ауруханада қарияның коронавирус жұқтырғаны расталды. Бастапқыда аурудың белгілері байқалмаған. Кейін пневмония мен дене қызуы пайда болды.

"20 күн ауруханада жаттым. Кей күндері қатты ауырдым. Ондай сәттерде ауруханадан мүлдем шықпаймын, балаларым мен немерелерімді көре алмаймын деп ойладым. Өйткені жасым 82-де. Бірақ дәрігерлер емдеп, қолынан келгенін аямады. Аллаға шүкір, бәрі артта қалды", - деді ол Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Вирусқа қарсы дәрі-дәрмек ішкендіктен, асқазан-ішек сырқаты, буын ауруы пайда болған. Әлі де кейде мазалап тұратынын айтады. 

"Коронавирус салдарынан созылмалы ауруларым мазалай бастады. Аяғым ауырады, ісініп кетеді, буындар қақсайды. Үйге келдім, жүре алмаймын. Бірақ балаларыма аман-есен оралғаныма қуаныштымын", - деді қария.

Сотой пациентке, вылечившейся от коронавируса, исполнилось 82 года
© Sputnik / Абзал Калиев.
Қария өзін емдеген дәрігерлерге алғысын білдірді

COVID-19 жұқтырғанға дейін әжейде созылмалы бронхит және гипертония болған.

"Қазір жағдайым жақсы деуге болады. Мені емдеген дәрігерлерге алғыс айтамын. Әсіресе, Сабыр деген дәрігерді атап өткім келеді. Осындай мамандар, мейірімді адамдар көп болса екен", - дейді зейнеткер.

Нұрбағи апайдың палатасында коронавирус жұқтырған жас қыз да болыпты. Ол да емделген, ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

"Өте жақсы қыз. Жағдайым қиын болғанда, өзінің ауырып жатқанынан қарамастан, маған көмектесуге тырысты", - дейді қария.

Нұрбағи Қапасова ауру қаншалықты ауыр болса да, бастысы сабырлық екенін айтып отыр. Ол қазақстандықтарға сеніп, шыдау керек деген кеңес берді. Тек сонда ғана ауруды жеңуге болады.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (853)

Тақырып бойынша

"Алғаш рет шын ғашық болдым": қарттар үйінде сүйіктісін кездестірген қарияның әңгімесі
"Өкінішке қарай, бұл рас": танымал ресейлік әншіде коронавирус анықталды
"100 мың адам жұмысқа шығады": астанада қандай кәсіпорындар ашылатыны айтылды
"Келін тамақ істемей қойды": қарттар үйіндегі ардагер ананың әңгімесі
Министр бір аптадан кейін кімдер толық жұмыс күніне көшетінін айтты
Кілт сөздер:
қария, той, аурухана, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып