22:19 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов
© Sputnik / Болат Шайхинов

Сүлейменов: бізде артық қант жоқ

Мультимедиа
Қысқа сілтеме алу
31 0 0

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ресейлік ауыл шаруашылығы басшысының Қазақстаннан импортталатын қантқа шектеу қою туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді

Бұған дейін РФ Ауыл шаруашылығы министрі Александр Ткачев Ресей Қазақстан мен Белоруссиядан әкелінетін қантқа шектеу қоюы мүмкін деген мәлімдеме жасаған болатын. Оның айтуынша, екі ел қант-шикізатты бажсыз импорттап, кейіннен оны өңдеп, арзан қантты Ресейде де  сатады. 

Сәрсенбі күні журналистерге Сүлейменов: "Қазақстан тарапынан ешқандай ереже бұзушылық жоқ. Квота, біздің қажеттілікке сәйкес белгіленеді. Яғни, бізде алдымен енгізіп, кейін оны Қырғызстан, Қытай немесе Ресейге экспорттайтын басы артық қант жоқ. Квота осы үшін арнайы белгіленеді. Сол арқылы біз өзіміздің қажеттілігімізді өтейміз. Бізде тауарлардың еркін айналымы қамтамасыз етілген. Сондықтан кез-келген тосқауылдарға біз шұғыл әрекет етеміз", — деді.

Қандай да бір шектеуге ҚР тарапы қалай әрекет ететінін толығырақ Sputnik Казахстан радиосынан тыңдаңыздар.


Басты тақырыптар