16:47 24 Қараша 2017
Тікелей эфир
Нұрсұлтан Назарбаев
© Официальный сайт Президента РК /

Назарбаев: телефон номерін берейін бе?

Мультимедиа
Қысқа сілтеме алу
568 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев тілшілермен болған баспасөз-конференциясы кезінде, смартфондарға қатты қызықпайтынын, алайда интернетті қолданып, хабарламалар алып тұратынын айтты

Қазақстан Президенті баспасөз-конференциясы кезінде президенттің смартфондарға қалай қарайтынын сұраған отандық телеарнаның тілшісіне күтпеген жауап берді. 

"Менің оған қарап отыратын уақытым жоқ", — деп жауап берген президент жиналғандарды күлдірді. 

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің қызметіне орай телефонмен қолдану қажет екенін айта кетті. 

"Әрине, көремін, жұмыс жасаймын. Хабарламалар аламын. Телефон номерін берейін бе?", — деп қалжыңдап жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент қолында барлық ақпарат болғанымен, кей кезде  интернетті қарайтынын да айта кетті. 
Назарбаевтың өзінің телефон номерін жазып алу туралы ұсынысын Sputnik Казахстан радиосынан тыңдаңыздар. 

Басты тақырыптар