04:16 19 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Фото

Алты күлімсіреу теориясы: қуанышыңызды бөлісуден қысылмаңыз

Қысқа сілтеме алу
62 0 0
  • Дүниежүзілік күлімсіреу күні немесе оны World Smile Day деп атайды. Жыл сайын қазан айының алғашқы жұма күні атап өтеді.
  • Бұл мерекеге себеп болған XXғасырда Америкада өмір сүрген Харви Бэлл
  • Бұл ретте ғалымдар, күлімсіреу бет бұлшықтары – ерін, көздің қимылы деп атайды.
  • Бұл көңілсіз мысық Ғажайып әлеміндегі Алиса мультфильміндегі кейіпкерге ұқсайды.
  • Шын мәнінде өмір мен қарапайым ұсақ-түйекке қуану қиын емес!
  • Көп жыл өмір сүрген адамдар бұл шындықты біледі.
  • Таңыңды жымиюдан бастасаң, сүйікті кофе де саған күлімсіреуге дайын.
  • Дарвин маймылды еңбек адам етті, деп санаған. Ал біздің пікірімізше, адамды адам ететін, оның ізгі істері мен өз бауырластарына жақсы қарым қатынасы.
  • Көңілкүйі көтеріңкі әр адам бүгінгідей бұлтты күні алты бейтаныс жанға немесе таныстарына күлімсіреп қарасын.
  • Қарапайым бол, сонда дельфиндер де сізге тартылады!
  • Ит де біледі қожайынының көңіл күйін қалай көтеруді.
  • Барлық уақыттар мен халықтардың ең жұмбақ күлімсіреу.
Дүниежүзілік күлімсіреу күні немесе оны World Smile Day деп атайды. Жыл сайын қазан айының алғашқы жұма күні атап өтеді.

Әлемдегі бүкіл жандар алты танысы арқылы бір-бірін танитыны туралы "6 рет қол алысу" теориясы бар болса,  тура сондай "алты рет күлімдеу" теориясын неге ойлап таппаймыз? Көңілкүйі көтеріңкі әр адам бүгінгідей бұлтты күні алты бейтаныс жанға немесе таныстарына күлімсіреп қарасын. Қоғамдық көліктегі жандарға ма, жаяу жүргіншілерге ме, таңертеңгі кофесін ішіп үлгермеген әріптестеріне ме – бәрі бір. Шын жүректен болса, болғаны. 

 Кейбір қабағынан қар жауған адамдар мұныңызды түсінбей, күзді күні "көтеріліп" жүрген деліқұлы біреу деп қалса да түк етпейді. Себебі дәл осындай жылуға зәру боп жүрген жандар міндетті түрде күлімсіреп жауап қататын болады. Онымен қоймай, сіздің жымиысыңызды қағып алып, жолай кезкіккен өзге алты жанға сыйлайды. 

Бұл теория бізге қатты ұнайды. Сіздерге ше? Олай болса, тәжірибе жасап, сынап көрсек қайтеді? Бүгінгі фотолентамыз сіздерге шабыт берер деген ойдамыз.

Атақты Мюнхгаузеннің өзі "сіздер тым байыптысыздар, жер бетіндегі барлық ақымақтық сондай түрмен жасалды" деді емес пе. Сол себепті жүзеріңізден күлкі кетпесін!   

Басты тақырыптар