Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Yes, Boss: 16 қазан - Дүниежіүзілік бастықтар күні

Жазылу
Ұлттық бастық күнін (National Boss's Day) немесе, басқаша айтқанда, Бастықтар күнін бір қатар елдерде 16 қазан күні тойлайды.

Тарихқа көз жүгіртсек, жарты ғасыр бұрын, яғни 1958 жылы америкалық компания қызметкері Патриция Хароски бастықтар күнін тойлауды ұсынған екен.

 

Бірақ, тапқыр қыз бұл мерекені бастығына жағыну үшін ойлап тапты десеңіз, қателесесіз. Ол қыздың бастығы шын мәнісінде туған әкесі екен.

16 қазан бастығы әрі әкесінің туған күнінде хатшы қыз Патриция осылай ерекше көңілкүй сыйлағысы келген ғой. Бұл идеяны өзге әріптестері де қолдап, мерекені тойлай бастаған. Кейінірек бұл мерекені тойлау идеясы елдің Сауда палатасына ұсынылған. Ол жерде де қолдаушылар табылыпты.

Содан бері бұл мереке көптеген елдерде тойланып келеді, олардың ішінде Канада, Австралия, Ұлыбритания және басқа мемлекеттер бар. Тіпті Қазақстанға да жеткен сияқты.

 

Айтпақшы, биыл соңғы айлар ішінде компания, министрліктер мен ведомстволарда жаңа басшылар пайда болды. Бүгінгі фотолентамыз соларға арналады.  

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуЖағдайды пайдалана отырып, біз де барлық басшыларды осы күнмен құттықтаймыз.
Нұрсұлтан Назарбаев және Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
1/8
Жағдайды пайдалана отырып, біз де барлық басшыларды осы күнмен құттықтаймыз.
© Sputnik / Сергей Мамонтов / Медиабанкке өтуҚазақстан үкіметінің жаңа басшысы Бақытжан Сағынтаев бұл қызметке Мемлекет басшының 2016 жылғы 9 қыркүйекте жарлығымен тағайындалды. Министрлер кабинетінің қазіргі басшысы 53 жаста. Бұрын ол Қазақстан премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарған.
Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
2/8
Қазақстан үкіметінің жаңа басшысы Бақытжан Сағынтаев бұл қызметке Мемлекет басшының 2016 жылғы 9 қыркүйекте жарлығымен тағайындалды. Министрлер кабинетінің қазіргі басшысы 53 жаста. Бұрын ол Қазақстан премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарған.
© Photo : Официальный сайт Правительства КазахстанаСағынтаевтың алдындағы Кәрім Мәсімов осы жылғы 8 қыркүйекте премьер-министрдің қызметінен кетіп, ҚР ҰҚК төрағасы болып тағайындалды
Сағынтаевтың алдындағы Кәрім Мәсімов осы жылғы 8 қыркүйекте премьер-министрдің қызметінен кетіп, ҚР ҰҚК төрағасы болып тағайындалды - Sputnik Қазақстан
3/8
Сағынтаевтың алдындағы Кәрім Мәсімов осы жылғы 8 қыркүйекте премьер-министрдің қызметінен кетіп, ҚР ҰҚК төрағасы болып тағайындалды
© Photo : kazpravda.kzҚазақстанның алғашқы күні "Казахстанская правда" Республикалық газеті" АҚ басқармасының жетекшісі болып Вячеслав Пащенко тағайындалды. Бұған дейін ол премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың кеңесшісі қызметін атқарған.
Вячеслав Пащенко - Sputnik Қазақстан
4/8
Қазақстанның алғашқы күні "Казахстанская правда" Республикалық газеті" АҚ басқармасының жетекшісі болып Вячеслав Пащенко тағайындалды. Бұған дейін ол премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың кеңесшісі қызметін атқарған.
© Photo : Личный аккаунт в FacebookСол күні Кемелбек Ойшбаев "Қазақстан" ҚРРТ басшысы болып тағайындалды. Бұрын ол Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болған.
Кемелбек Ойшыбаев - Sputnik Қазақстан
5/8
Сол күні Кемелбек Ойшбаев "Қазақстан" ҚРРТ басшысы болып тағайындалды. Бұрын ол Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болған.
© Sputnik / Максим БогодвидДариға Назарбаева, Қазақстан премьер-министрінің бұрынғы орынбасары. Қыркүйектің ортасында Сенаттың қорғаныс жөніндегі комитет басшысы болып сайланды.
Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
6/8
Дариға Назарбаева, Қазақстан премьер-министрінің бұрынғы орынбасары. Қыркүйектің ортасында Сенаттың қорғаныс жөніндегі комитет басшысы болып сайланды.
© Photo : Официальный сайт АО «НК «КТЖ»Сол күні "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысының қызметіне Қанат Алпысбаев ие болды. Ол қазақстандық темір жол компаниясында сегіз жылдан астам уақыт бойы вице-президент қызметін атқарған.
Қанат Алпысбаев - Sputnik Қазақстан
7/8
Сол күні "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысының қызметіне Қанат Алпысбаев ие болды. Ол қазақстандық темір жол компаниясында сегіз жылдан астам уақыт бойы вице-президент қызметін атқарған.
© Photo : Пресс-служба акимата Южно-Казахстанской области7 қазанда Бейбіт Атамқұлов жаңадан құралған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындалды.
Бейбіт Атамқұлов - Sputnik Қазақстан
8/8
7 қазанда Бейбіт Атамқұлов жаңадан құралған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындалды.
Жаңалықтар
0