16:13 21 Ақпан 2017
Тікелей эфир
Фото

Жеңімпаздардың жеңімпаздары: "Ұлы Дала Ханшайымы" байқауынан фоторепортаж

Қысқа сілтеме алу
40 0 0
  • Байқау екі ай бұрын басталған. Байқауға қатысуға ниет білдіргендердің барлығы байқау ұйымдастырушыларының, сонымен қатар психологтар мен ұстаздардың қатысуымен іріктеуден өтті.
  • Сол кезде ұйымдастырушылар атап өткендей, байқау шарттарында қатысушыларды барлығы бірдей сахнада өзін еркін сезіне алмайды. Сондықтан іріктеу ең алдымен қыздардың өздері үшін мұқият өтті.
  • Байқауды өткізу идеясы Алма-Ата әйелдер клубының төрайымы Бант-Анат Бейсембаеваның ойына мүгедек әйелдер арасындағы Әлем аруы 2013 атағының иегері ресейлік Ксения Безуглова туралы бағдарлама көргеннен кейін келді.
  • Сол кезде іріктелген қатысушылардың бірі Меруерт Құлмаханова бөліскендей, байқауға келу туралы шешімді ол өзі үшін қабылдап, жеңіске жету мақсатын алдына қоймаған.  Дегенмен, нәтижесінде, ол жеңімпаздардың біріне айналды.
  • Қыздар байқауға өздерін көрсету үшін ғана емес, сонымен қатар өздері сияқты жағдайға тап болған өзге қыз-келіншектермен танысу үшін келген.
  • Байқауға қатысушылар, біртіндеп қоғамда мүгедектер арбасында қозғалатын адамдар үшін көбірек мүмкіндіктер пайда болатындығына үміттенеді.
  • Сұлулармен кәсіби хореографтар жұмыс істеп, мүгедектер арбасында әдемі билеуге үйретті.
  • Қыздар финалда сахнаға әлем халықтарының ұлттық киімдерімен шықты.
  • Ұлттық киімдер бұл қыздардың ішкі сұлулықтарының арқасында ерекше әдемі көрінді.
  • Одан кейін тәжден үміт еткен әр қатысушы  өз таланттарын паш етті.
  • Қатысушылардың тек әдемілеп билеп қана қоймай, сонымен бірге тамаша ән салатыны анықталды.
  • Олардың әр қайсысына қарап, олардың күш-жігеріне сүйсінбей мүмкін емес.
  • Алайда таңдау жасау қажет болатын.
  • Ұлы Дала Ханшайымы байқауының жеңімпазы Сабина Қасымова және мүгедектер арасындағы Әлем аруы 2013 жеңімпазы Ксения Безуглова
  • Екінші орынға Қарлығаш Нұрбекова ие болды
  • Үшінші орын Меруерт Кулахметоваға бұйырды
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Байқау екі ай бұрын басталған. Байқауға қатысуға ниет білдіргендердің барлығы байқау ұйымдастырушыларының, сонымен қатар психологтар мен ұстаздардың қатысуымен іріктеуден өтті.

"Ұлы Дала Ханшайымы" ерекше байқауының ақтық кезеңі Алматыда өтті. Бұл сайысқа қатысушылар – қозғалысы шектеулі қыз-келіншектер. Бұл Қазақстанда өткен алғашқы байқау.