Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Жаңажылдық қиял-ғажайып: Астана қызғылт түске боялды

Жазылу
Мұны сіз де байқаған шығарсыз? Желтоқсан кештері Астана ғажайып бір қызғылт тұманға оранғандай көрінеді. Бір жерге шам-шырақ жағып қойғандай.

Бүгінгі фотолентамызда Елорданың жаңажылдық келбетін тамашалап, қиял-ғажайыптар еліне сапар шеге аласыз!


© Sputnik / Болат ШайхиновКүлгін түсті шар. Елордада Жаңа жыл мерекесіне орай жарқырап жанған таңғажайып нысандар пайда болды.
Жаңажылдық Астана-2017 - Sputnik Қазақстан
1/10
Күлгін түсті шар. Елордада Жаңа жыл мерекесіне орай жарқырап жанған таңғажайып нысандар пайда болды.
© Sputnik / Болат ШайхиновЖаңа жыл мейрамына арнап Астананы безендіріп, қиялдарына ерік берген жандарға айтар алғысымыз шексіз. Биыл Елорда алуан түрлі түстерге боялып, жарқырап тұр.
Жаңажылдық Астана-2017 - Sputnik Қазақстан
2/10
Жаңа жыл мейрамына арнап Астананы безендіріп, қиялдарына ерік берген жандарға айтар алғысымыз шексіз. Биыл Елорда алуан түрлі түстерге боялып, жарқырап тұр.
© Photo : Акимат АстаныАйналадағы қызғылт, күлгін, ашық көк түстер адамның көңілін жадыратып, ерекше бір әсерге бөлейді.
Жаңажылдық Астана-2017 - Sputnik Қазақстан
3/10
Айналадағы қызғылт, күлгін, ашық көк түстер адамның көңілін жадыратып, ерекше бір әсерге бөлейді.
© Sputnik / Болат ШайхиновБиылғы Жаңа жылда Қабанбай даңғылына ұласатын Есіл көпірі де ерекше сән-салтанатпен безендірілген.
Жаңажылдық Астана-2017 - Sputnik Қазақстан
4/10
Биылғы Жаңа жылда Қабанбай даңғылына ұласатын Есіл көпірі де ерекше сән-салтанатпен безендірілген.
© Photo : Акимат АстаныЖаңа жыл мерекесі қарсаңында Есіл өзенінде осы бір алып сағат пайда болды. Циферблаттың диаметрі 17 метрді құрайды. Бұл орасан зор сағат көлемі бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін.
Жаңажылдық Астана-2017 - Sputnik Қазақстан
5/10
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Есіл өзенінде осы бір алып сағат пайда болды. Циферблаттың диаметрі 17 метрді құрайды. Бұл орасан зор сағат көлемі бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін.
© Photo : Акимат АстаныЖаңа жыл мерекесіне осындай ғаламат сыйлық алу кімнің де болсын арманы шығар, өйткені мұндай алып қорапқа бүкіл тілектеріңді сыйдыра аласың ғой.
Жаңажылдық Астана-2017 - Sputnik Қазақстан
6/10
Жаңа жыл мерекесіне осындай ғаламат сыйлық алу кімнің де болсын арманы шығар, өйткені мұндай алып қорапқа бүкіл тілектеріңді сыйдыра аласың ғой.
© Sputnik / Болат ШайхиновТүн. Көше. Самсаған шамдар...
Жаңажылдық Астана-2017 - Sputnik Қазақстан
7/10
Түн. Көше. Самсаған шамдар...
© Photo : Акимат АстаныЖаңа жылдың басты кейіпкерлері жапалақтап жауған "қызғылт" қар астында.
Жаңажылдық Астана-2017 - Sputnik Қазақстан
8/10
Жаңа жылдың басты кейіпкерлері жапалақтап жауған "қызғылт" қар астында.
© Sputnik / Болат ШайхиновМың құбылған қызғылт түс. Мега алдындағы алаңға жауған қардың реңкіне қараңыздаршы. Шамның жарығымен қызғылт-сары түске боялып тұрғандай.
Жаңажылдық Астана-2017 - Sputnik Қазақстан
9/10
Мың құбылған қызғылт түс. Мега алдындағы алаңға жауған қардың реңкіне қараңыздаршы. Шамның жарығымен қызғылт-сары түске боялып тұрғандай.
© Sputnik / Болат ШайхиновАйналаңның осындай алуан түрлі түстерге бөленіп, жарқырағаны қандай керемет! Баршаңызға Жаңа жыл құт әкелсін!
Жаңажылдық Астана-2017 - Sputnik Қазақстан
10/10
Айналаңның осындай алуан түрлі түстерге бөленіп, жарқырағаны қандай керемет! Баршаңызға Жаңа жыл құт әкелсін!
Жаңалықтар
0