Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Шілденің шіліңгірінде жаныңды жадыратар субұрқақтар

Жазылу
Алматы фонтандары – бұл сәулет өнерінің жемісі ғана емес, қаланың ажырамас бөлігі. Олар көптеген ескі ашық хаттарда бейнеленіп, халықтың мәңгі есінде қалады.

Әрбір Алматы тұрғыны өмірінде бір рет болсын субұрқаққа шомылған шығар, сірә. Бұл – қаланың заңы немесе әлдебір көпшілік мойындаған қағидат іспетті. Тұңғыш фонтан Алма-Ата қаласында 1948 жылы пайда болды, ал қазір олардың саны жүз елуден асып кеткен. 

Sputnik Қазақстан оңтүстік астанадағы ең әсем, ең көркем фонтандардың топтамасын жасап, назарларыңызға ұсынып отыр.

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАлматылықтардың көпшілігіне аян: фонтандар арықтармен бірігіп, аса күрделі су ағыны желісін құрайды. Халық арасында қалыптасқан ұғым бойынша, бұл жасанды "күретамыр жүйе" қаланың ерекше микроклиматын қалыптастырып, ауаны ылғалдандырады.
Алматы фонтандары - Sputnik Қазақстан
1/18
Алматылықтардың көпшілігіне аян: фонтандар арықтармен бірігіп, аса күрделі су ағыны желісін құрайды. Халық арасында қалыптасқан ұғым бойынша, бұл жасанды "күретамыр жүйе" қаланың ерекше микроклиматын қалыптастырып, ауаны ылғалдандырады.
© Sputnik / Серикжан КовланбаевАптап ыстық күндері салқын баспалдақты қуана-қуана басып жүрген жандар әрқашан табылады
Алматы фонтандары - Sputnik Қазақстан
2/18
Аптап ыстық күндері салқын баспалдақты қуана-қуана басып жүрген жандар әрқашан табылады
© Sputnik / Серикжан КовланбаевОрталық саябақтағы фонтандардың бірі. Салқын су – аптап ыстықта баға жетпес дүние.
Алматы фонтандары - Sputnik Қазақстан
3/18
Орталық саябақтағы фонтандардың бірі. Салқын су – аптап ыстықта баға жетпес дүние.
© Sputnik / Серикжан КовланбаевБалалар фонтан десе ішкен асын жерге қояды.
Алматы фонтандары - Sputnik Қазақстан
4/18
Балалар фонтан десе ішкен асын жерге қояды.
© Sputnik / Серикжан КовланбаевФонтан суын ішіп, салқындап алудан кептерлер де бас тартпайды.
Алматы фонтандары - Sputnik Қазақстан
5/18
Фонтан суын ішіп, салқындап алудан кептерлер де бас тартпайды.
© Sputnik / Серикжан КовланбаевАбай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры жанындағы "биші әрі әнші" фонтандар.
Алматы фонтандары - Sputnik Қазақстан
6/18
Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры жанындағы "биші әрі әнші" фонтандар.
© Sputnik / Серикжан КовланбаевАл мынау бүтін бір субұрқақ кешені. Осындай әсем фонтанның қасында серуендеп жүргенге не жетсін.
Алматы фонтандары - Sputnik Қазақстан
7/18
Ал мынау бүтін бір субұрқақ кешені. Осындай әсем фонтанның қасында серуендеп жүргенге не жетсін.
© Sputnik / Серикжан КовланбаевРеспублика алаңындағы фонтандар жадыңнан ешқашан өшпесі анық.
Алматы фонтандары - Sputnik Қазақстан
8/18
Республика алаңындағы фонтандар жадыңнан ешқашан өшпесі анық.
© Sputnik / Серикжан КовланбаевНегізінде фонтанға түсуге болмайды. Бірақ аптап ыстықта аяғыңды суға малуға болатын шығар?
Алматы фонтандары - Sputnik Қазақстан
9/18
Негізінде фонтанға түсуге болмайды. Бірақ аптап ыстықта аяғыңды суға малуға болатын шығар?
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев"Нептун" фонтаны үнемі шулап, бұрқырап жатады, сонда да теңіз бен мұхит иесінің есімімен аталуға тым кішкентай сияқты.
Алматы фонтандары - Sputnik Қазақстан
10/18
"Нептун" фонтаны үнемі шулап, бұрқырап жатады, сонда да теңіз бен мұхит иесінің есімімен аталуға тым кішкентай сияқты.
© Sputnik / Серикжан КовланбаевАл мынау оған жақын орналасқан "ағасы". Айтпақшы, қаладағы ең үлкен фонтан, бұрқыраған судың биіктігі 30 метрге дейін жетеді.
Алматы фонтандары - Sputnik Қазақстан
11/18
Ал мынау оған жақын орналасқан "ағасы". Айтпақшы, қаладағы ең үлкен фонтан, бұрқыраған судың биіктігі 30 метрге дейін жетеді.
© Sputnik / Серикжан КовланбаевТұңғыш Президент саябағы алдындағы фонтан. Атына заты сай екені көрініп тұр.
Алматы фонтандары - Sputnik Қазақстан
12/18
Тұңғыш Президент саябағы алдындағы фонтан. Атына заты сай екені көрініп тұр.
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев"Алматы" қонақ үйі алдындағы фонтан.
Алматы фонтандары - Sputnik Қазақстан
13/18
"Алматы" қонақ үйі алдындағы фонтан.
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев"Dostyk Plaza" сауда үйі алдындағы неонмен жарықтандырылған фонтандар.
Алматы фонтандары - Sputnik Қазақстан
14/18
"Dostyk Plaza" сауда үйі алдындағы неонмен жарықтандырылған фонтандар.
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев"Қазақстан" қонақ үйіне жақын маңдағы "Лотос" фонтаны: қала тұрғындары мен қонақтарының көз қуанышы.
Алматы фонтандары - Sputnik Қазақстан
15/18
"Қазақстан" қонақ үйіне жақын маңдағы "Лотос" фонтаны: қала тұрғындары мен қонақтарының көз қуанышы.
© Sputnik / Серикжан КовланбаевҰлттық ғылым академиясына қарама-қарсы, Шоқан Уәлиханов ескерткіші жанында тағы бір субұрқақ орналасқан. Кезінде бұл жерде белгілі отандық жазушы Герольд Бельгер серуендеген екен.
Алматы фонтандары - Sputnik Қазақстан
16/18
Ұлттық ғылым академиясына қарама-қарсы, Шоқан Уәлиханов ескерткіші жанында тағы бір субұрқақ орналасқан. Кезінде бұл жерде белгілі отандық жазушы Герольд Бельгер серуендеген екен.
© Sputnik / Серикжан КовланбаевҒылым академиясы маңындағы ерекше көзге түсер тағы бір фонтан - "Жұлдыз белгілері".
Алматы фонтандары - Sputnik Қазақстан
17/18
Ғылым академиясы маңындағы ерекше көзге түсер тағы бір фонтан - "Жұлдыз белгілері".
© Sputnik / Серикжан КовланбаевСубұрқақтар бәрінен де қаланың ең кішкентай тұрғындарын мәз-мейрам қылады.
Алматы фонтандары - Sputnik Қазақстан
18/18
Субұрқақтар бәрінен де қаланың ең кішкентай тұрғындарын мәз-мейрам қылады.
Жаңалықтар
0