Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Victoria's Secret шоуы: "періштелер" құпиясын ашқан күн

Жазылу
Шанхайда жұрт назарына ұсынылған Victoria's Secret жаңа коллекциясы сән әлемін дүр сілкіндірді

Жыл бойғы дайындықтың жемісі болып саналатын сән көрсетілімін сән-салтанатқа құмар жандар асыға күтетіні сөзсіз. 

Айдай сұлу модельдер мен көздің жауын алар сән үлгілерін  Sputnik Қазақстан фотолентасынан тамашалаңыздар. 


© REUTERS / Aly SongӘлемдегі ең айшықты fashion-шоулардың бірі - Victoria's Secret сән көрсетілімі Шанхай қаласында өтті. Шоуға қатысқан әр елдің ең үздік модельдері көрермендерді айдай сұлу көркімен тәнті етті. Суретте: топ-модель Белла Хадид.
Victoria's Secret сән көрсетілімі - Sputnik Қазақстан
1/12
Әлемдегі ең айшықты fashion-шоулардың бірі - Victoria's Secret сән көрсетілімі Шанхай қаласында өтті. Шоуға қатысқан әр елдің ең үздік модельдері көрермендерді айдай сұлу көркімен тәнті етті. Суретте: топ-модель Белла Хадид.
© AP Photo / Andy WongЖыл сайын сән көрсетілімінде бірегей бюстгальтер Fantasy Bra халық назарына ұсынылады. Биыл бұл киім үлгісі алтынмен апталып, бриллиант және сапфирмен безендіріліп, құны 2 миллион долларға жетті. Сән көрсетілімінде оны бразилиялық модель Лаис Рибейро киіп шыққан.
Victoria's Secret сән көрсетілімі - Sputnik Қазақстан
2/12
Жыл сайын сән көрсетілімінде бірегей бюстгальтер Fantasy Bra халық назарына ұсынылады. Биыл бұл киім үлгісі алтынмен апталып, бриллиант және сапфирмен безендіріліп, құны 2 миллион долларға жетті. Сән көрсетілімінде оны бразилиялық модель Лаис Рибейро киіп шыққан.
© AP Photo / Andy WongКөрсетілімге арналған костюмдерді Balmain креативті директоры Оливье Рустен әзірлеген. Суретте: модель Эльза Хоск.
Victoria's Secret сән көрсетілімі - Sputnik Қазақстан
3/12
Көрсетілімге арналған костюмдерді Balmain креативті директоры Оливье Рустен әзірлеген. Суретте: модель Эльза Хоск.
© AP Photo / Andy WongАзияның ең танымал моделі, қытай қызы Лю Вэнь мен британиялық модель Леоми Андерсон.
Victoria's Secret сән көрсетілімі - Sputnik Қазақстан
4/12
Азияның ең танымал моделі, қытай қызы Лю Вэнь мен британиялық модель Леоми Андерсон.
© REUTERS / Aly Song Подиумда әдемі құлау да өнер, бастысы, езуіңізден күлкі кетпесін. Модель Мин Си ыңғайсыз жағдайға тап болса да, сыр білдірмей, көрермендердің қошеметімен тұрып кетті.
Victoria's Secret сән көрсетілімі - Sputnik Қазақстан
5/12
Подиумда әдемі құлау да өнер, бастысы, езуіңізден күлкі кетпесін. Модель Мин Си ыңғайсыз жағдайға тап болса да, сыр білдірмей, көрермендердің қошеметімен тұрып кетті.
© REUTERS / Aly SongДизайнерлер көздің жауын алып, еліктірер киім үлгілерін жасап шығарған. Суретте: бразилиялық супермодель Адриана Лима.
Victoria's Secret сән көрсетілімі - Sputnik Қазақстан
6/12
Дизайнерлер көздің жауын алып, еліктірер киім үлгілерін жасап шығарған. Суретте: бразилиялық супермодель Адриана Лима.
© REUTERS / Aly SongБразилиялық супермодель Алессандра Амбросио мен Victoria's Secret ұсынған таңғажайып образ.
Victoria's Secret сән көрсетілімі - Sputnik Қазақстан
7/12
Бразилиялық супермодель Алессандра Амбросио мен Victoria's Secret ұсынған таңғажайып образ.
© REUTERS / Aly SongVictoria's Secret "періштелерінің" қанша алатыны құпия сақталады, ал осындай керемет киім үлгісімен подиумға шығу барша моделдің арманы. Суретте: Стелла Максвелл.
Victoria's Secret сән көрсетілімі - Sputnik Қазақстан
8/12
Victoria's Secret "періштелерінің" қанша алатыны құпия сақталады, ал осындай керемет киім үлгісімен подиумға шығу барша моделдің арманы. Суретте: Стелла Максвелл.
© REUTERS / Aly SongШоу көрермен алдына шықпас бұрын басталады – подиумның ар жағында нағыз сұлулық сырлары ашылады. Қытайлық модель Сяо-Вэнь Дзю дефиле алдында Victoria's Secret "періштелерін" суретке түсіріп жатыр.
Victoria's Secret сән көрсетілімі - Sputnik Қазақстан
9/12
Шоу көрермен алдына шықпас бұрын басталады – подиумның ар жағында нағыз сұлулық сырлары ашылады. Қытайлық модель Сяо-Вэнь Дзю дефиле алдында Victoria's Secret "періштелерін" суретке түсіріп жатыр.
© REUTERS / Aly SongҰйымдастырушылардың сөзіне сүйенсек, мұндай шоуды өткізуге кем дегенде бір жыл дайындық керек екен. Сән әлемінің жұлдыздары жарқ етіп шығатын дефиледе мін болмауы тиіс. Суретте: нидерландылық супермодель Санне Влоет.
Victoria's Secret сән көрсетілімі - Sputnik Қазақстан
10/12
Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйенсек, мұндай шоуды өткізуге кем дегенде бір жыл дайындық керек екен. Сән әлемінің жұлдыздары жарқ етіп шығатын дефиледе мін болмауы тиіс. Суретте: нидерландылық супермодель Санне Влоет.
© REUTERS / Aly SongСупермодельдер подиумға шыққанда қиялдарына ерік беріп, еркелеп те жатады. Бұл "періштелерге" не істесе де жарасады емес пе! Суретте: анголалық модель Мария Боргес.
Victoria's Secret сән көрсетілімі - Sputnik Қазақстан
11/12
Супермодельдер подиумға шыққанда қиялдарына ерік беріп, еркелеп те жатады. Бұл "періштелерге" не істесе де жарасады емес пе! Суретте: анголалық модель Мария Боргес.
© AP Photo / Andy WongЖаңа сән көрсетіліміне сырт келбеті, дене сымбаты әр алуан 55 модель қатысты. Сұлулықтың өлшеуі жоқ шығар, сірә, дегенмен дизайнерлер ай десе ауызы, күн десе көзі бар, ең көркем моделдерді таңдайды.
Victoria's Secret сән көрсетілімі - Sputnik Қазақстан
12/12
Жаңа сән көрсетіліміне сырт келбеті, дене сымбаты әр алуан 55 модель қатысты. Сұлулықтың өлшеуі жоқ шығар, сірә, дегенмен дизайнерлер ай десе ауызы, күн десе көзі бар, ең көркем моделдерді таңдайды.
Жаңалықтар
0