Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Боралдай сақ қорғанының құпиясы

Жазылу
Боралдай сақ қорғаны – Алматы аумағында сақталған ерте тас ғасырының жалғыз ескерткіші

Ол қаланың Алатау ауданында, Үлкен Алматы және Боралдай өзендерінің арасында орналасқан. Бұл жерде екі жарым мың жыл бұрын салынған қорым жатыр.

Sputnik Қазақстан фотографы Анатолий Устиненко қысқы археологиялық саябаққа экскурсия жасап, оқырмандарымыздың назарына фотосуреттерді ұсынады. Фотолентамыздан киелі жердің құпиясы мен ежелгі көшпенділер өркениеті туралы біле аласыздар.

© Sputnik / Анатолий УстиненкоМұндай обалар қорған түрінде Австралиядан басқа бүкіл континентте кездеседі. Әдетте пішіні жарты шар іспетті. Ежелгі адамдардың түсінігінше, қорғандар өте киелі жер болған. Көбінесе көсемдер, тайпа басшылары жерленген жерде тұрғызылған.
Боралдай сақ қорғаны - Sputnik Қазақстан
1/7
Мұндай обалар қорған түрінде Австралиядан басқа бүкіл континентте кездеседі. Әдетте пішіні жарты шар іспетті. Ежелгі адамдардың түсінігінше, қорғандар өте киелі жер болған. Көбінесе көсемдер, тайпа басшылары жерленген жерде тұрғызылған.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоАрхеологиялық саябақтың аумағында тас ғасырының ескерткіштерінің тарихи реконструкциясы құрылған. Олардың бірі "Патша қорғаны" деп аталады. Бұл сақ дәуірінің жерлеу орны. Бұл жерде қабір қасына қойылған қыш және ағаш ыдыстарды, көне қаруларды көруге болады.
Боралдай сақ қорғаны - Sputnik Қазақстан
2/7
Археологиялық саябақтың аумағында тас ғасырының ескерткіштерінің тарихи реконструкциясы құрылған. Олардың бірі "Патша қорғаны" деп аталады. Бұл сақ дәуірінің жерлеу орны. Бұл жерде қабір қасына қойылған қыш және ағаш ыдыстарды, көне қаруларды көруге болады.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоБоралдай сақ қорғаны қазақстандық және шетелдік туристтердің ерекше қызығушылығын туғызады. Ескерткіш әлі күнге дейін мәдени және табиғи бейнесін бұзбай, сол қалпы сақталған.
Боралдай сақ қорғаны - Sputnik Қазақстан
3/7
Боралдай сақ қорғаны қазақстандық және шетелдік туристтердің ерекше қызығушылығын туғызады. Ескерткіш әлі күнге дейін мәдени және табиғи бейнесін бұзбай, сол қалпы сақталған.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоБоралдай сақ қорғанын ЮНЕСКО-ның әлем мұрасына жататын нысандар тізіміне енгізу ұсынылмақ.
Боралдай сақ қорғаны - Sputnik Қазақстан
4/7
Боралдай сақ қорғанын ЮНЕСКО-ның әлем мұрасына жататын нысандар тізіміне енгізу ұсынылмақ.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚазір Алматы қаласы орналасқан жердің тарихы 28 мың жылдан астам уақытты қамтиды. Біздің дәуірімізге дейінгі Х ғасырда бұл өңірлерді әуелі сақтар, кейін үйсіндер мен түркілер мекен етті.
Боралдай сақ қорғаны - Sputnik Қазақстан
5/7
Қазір Алматы қаласы орналасқан жердің тарихы 28 мың жылдан астам уақытты қамтиды. Біздің дәуірімізге дейінгі Х ғасырда бұл өңірлерді әуелі сақтар, кейін үйсіндер мен түркілер мекен етті.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоАрхеологиялық кешен 47 сақ және үйсін қорғанынан тұрады. Олардың ең ірісінің биіктігі 14 метр, диаметрі 100 метрден асады. Ең ежелгі қорғандар біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырға жатады.
Боралдай сақ қорғаны - Sputnik Қазақстан
6/7
Археологиялық кешен 47 сақ және үйсін қорғанынан тұрады. Олардың ең ірісінің биіктігі 14 метр, диаметрі 100 метрден асады. Ең ежелгі қорғандар біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырға жатады.
© Sputnik / Анатолий Устиненко"Боралдай сақ қорғаны" археологиялық саябағында басты екі нысан бар – қорған мен ежелгі сақ баспанасының макеті. Сол жерде келушілер ежелгі көшпенділердің тұрмысымен таныса алады.
Боралдай сақ қорғаны - Sputnik Қазақстан
7/7
"Боралдай сақ қорғаны" археологиялық саябағында басты екі нысан бар – қорған мен ежелгі сақ баспанасының макеті. Сол жерде келушілер ежелгі көшпенділердің тұрмысымен таныса алады.
Жаңалықтар
0