13:53 16 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.43
  • EUR432.47
  • RUB6.12
Фото

Чернобыль қасіреті: апаттың алғашқы сағатында түсірілген суреттер

Қысқа сілтеме алу
216200
  • Чернобыль АЭС аумағын зарарсыздандыру
  • Арнайы топ Чернобыль АЭС реакторының төбесіне шығуға дайындалуда
  • Әскерилер тікұшақ алаңын жасауға әзірлену үстінде
  • Атомшы мамандар Чернобыль АЭС-дегі апаттың салдарын жоюға аттанды
  • Чернобыль АЭС апаттық 4-ші блок қабырғасының опырылып түскен сәті
  • Чернобыль АЭС аумағын зарарсыздандыру
  • 1986 жылы 26 сәуірде апат болған Чернобыль АЭС 4-ші энергетикалық блок аумағындағы байланысшылар
  • Чернобыль АЭС зарарсыздандыру
  • Апат аумағынан шығып бара жатқан жеңіл көлікті зарарсыздандыру сәті
  • Химиктердің Чернобыль АЭС-дағы апат салдарын жою сәті
  • Чернобыль АЭС аумағындағы апаттан кейінгі жұмыс
  • Майдановский совхозының зейнеткері Мария Остринская Чернобыль ауданының Машев ауылынан көшірілгендерді  өз үйіне алды
  • Тікұшақ Чернобыль АЭС апаттан соң радиологиялық өлшем жасауда
  • Капитан В. Бобровтың тобы Припяти қаласында радиациялық барлау жұмыстарын жүргізді
  •   Төртінші реактордан қарағандағы Чернобыль АЭС-нің көрінісі, 1986 жыл
  • Чернобыль апаты аумағында жұмыс істеген әскери техника зарарсыздандырылуда
  • Чернобыль АЭС аумағын зарарсыздандыруға аттанған арнайы бөлімше мүшелері
© Sputnik / Igor Kostin
Чернобыль АЭС аумағын зарарсыздандыру

Осыдан отыз үш жыл бұрын ірі техногендік Чернобыль апаты барша әлемді дүр сілкіндірді

1986 жылдың 26 сәуірінде алғашқы сағаттарда жарылыс салдарын жойғандар аса қатты зардап шекті. Архивтегі ақ-қара түсті фотоларды көргенде, көз алдына сол кездегі сұмдық көрініс елестейді.  

Тағы оқыңыз: Чернобыль АЭС энергоблогының төбесіне жаңа саркофаг орнатылды - видео

Суреттердің бірінде арнайы амунициядағы әскери қызметкерлер Чернобыль атом электр стансасындағы жойқын апаттың салдарын көруге дайындалып жатыр. Олар радиация деңгейін өлшеуде. Экологиялық апатқа ұшыраған бейбіт қала көшелеріне әскери техника толып кетті.

Чернобыль апатының салдарын жойған адамдар өміріне қауіп төніп тұрғанын сезді ме? Сезінген болар... Алайда олар өзгелерді құтқару үшін өз өмірін қиды.

26 сәуір - Чернобыль радиациялық апатының құрбандарын еске алу күні. Sputnik Қазақстан фотолентасынан Чернобыль трагедиясының архивтегі суреттерін көре аласыздар.

Кілт сөздер:
фото, архив суреттер, сағат, апат
Загрузка...

Басты тақырып