Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

"Бұлшық еті бұлтыңдаған": Нұр-Сұлтанда Азияның үздік бодибилдерлері анықталды - фото

Жазылу
Нұр-Сұлтандағы Орталық концерт залында бодибилдингтен Қазақстан кубогі мен Азия біріншілігі өтті

Бодибилдингтен Азия чемпионаты тарихта алғаш рет елордамызда болып отыр. Батырлар жырынан жарып шыққандай бұлшық еті бұлтыңдаған, иықты, жауырынды жігіттер мен сымбаты келісті сұлу қыздарды Sputnik Қазақстан фотолентасынан тамашалаңыз.

Айта кетсек, халықаралық турнирде алты ел бақ сынасты. Біріншілік аясында жеке және топтық жарыстар өтті. Әр қатысушы оңға-солға бұрылып, әбден шыныққан дене бітімін көрсетіп, көрермендер мен әділ қазыларды таңғалдырды.

Бұл чемпионатта отандастарымыздың мерейі үстем болып, жеңіс тұғырына көтерілді.

© Sputnik / Владислав ВодневБодибилдингтен Азия чемпионаты. Мүсіні сұлу қыздар толқынысын жасыра алмай, сахнаға шығар сәтін күтіп тұр.
Бодибилдинг - Sputnik Қазақстан
1/13
Бодибилдингтен Азия чемпионаты. Мүсіні сұлу қыздар толқынысын жасыра алмай, сахнаға шығар сәтін күтіп тұр.
© Sputnik / Владислав ВодневМінсіз мүсінді қыздар сахнаға шыққанда көрермендер тәнті болып, қошемет көрсетті.
Бодибилдинг - Sputnik Қазақстан
2/13
Мінсіз мүсінді қыздар сахнаға шыққанда көрермендер тәнті болып, қошемет көрсетті.
© Sputnik / Владислав ВодневЕкі иығына екі кісі мінгендей тұлғалы жігіттер де олардан кем түспейді.
Бодибилдинг - Sputnik Қазақстан
3/13
Екі иығына екі кісі мінгендей тұлғалы жігіттер де олардан кем түспейді.
© Sputnik / Владислав ВодневҰзын сөздің қысқасы, бар қызықты айшықты суреттерден тамашалай аласыз.
Бодибилдинг - Sputnik Қазақстан
4/13
Ұзын сөздің қысқасы, бар қызықты айшықты суреттерден тамашалай аласыз.
© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстанның бодибилдинг пен фитнестен 31-ші ашық Кубогінің қорытындысы бойынша қатысушылар 41 алтын, 38 күміс және 32 қола жүлдемен марапатталды.
Бодибилдинг - Sputnik Қазақстан
5/13
Қазақстанның бодибилдинг пен фитнестен 31-ші ашық Кубогінің қорытындысы бойынша қатысушылар 41 алтын, 38 күміс және 32 қола жүлдемен марапатталды.
© Sputnik / Владислав ВодневЕрлер арасында Сергей Ковтун, Руслан Латыпов, Ибрагим Ибрагимов жеңіске жетсе, қыздар ішінде үздігі - Вероника Тонких.
Бодибилдинг - Sputnik Қазақстан
6/13
Ерлер арасында Сергей Ковтун, Руслан Латыпов, Ибрагим Ибрагимов жеңіске жетсе, қыздар ішінде үздігі - Вероника Тонких.
© Sputnik / Владислав ВодневКомандалық есепте бірінші орынды Алматы құрамасы, екінші орынды Нұр-Сұлтан командасы, үшінші орынды Қостанай облысынан келген бодибилдерлер жеңіп алды.
Бодибилдинг - Sputnik Қазақстан
7/13
Командалық есепте бірінші орынды Алматы құрамасы, екінші орынды Нұр-Сұлтан командасы, үшінші орынды Қостанай облысынан келген бодибилдерлер жеңіп алды.
© Sputnik / Владислав ВодневЕлордадағы бодибилдерлер жарысы екі күнге созылды.
Бодибилдинг - Sputnik Қазақстан
8/13
Елордадағы бодибилдерлер жарысы екі күнге созылды.
© Sputnik / Владислав ВодневАзия чемпионатының қорытындысы бойынша 35 алтын, 24 күміс және 19 қола жүлде табысталды.
Бодибилдинг - Sputnik Қазақстан
9/13
Азия чемпионатының қорытындысы бойынша 35 алтын, 24 күміс және 19 қола жүлде табысталды.
© Sputnik / Владислав ВодневАбсолютті біріншіліктерде Дарын Шырбаев пен Руслан Латыпов жеңімпаз атанды.
Бодибилдинг - Sputnik Қазақстан
10/13
Абсолютті біріншіліктерде Дарын Шырбаев пен Руслан Латыпов жеңімпаз атанды.
© Sputnik / Владислав ВодневАл қыздар арасында - Елена Чепкая, Әлжан Өзбек және Яна Крыкпаева.

Бодибилдинг - Sputnik Қазақстан
11/13
Ал қыздар арасында - Елена Чепкая, Әлжан Өзбек және Яна Крыкпаева.

© Sputnik / Владислав ВодневIFBB Орта Азия чемпионатына 5 IFBB Elite Pro карталарын бөлді. Бұл картаны жеңген атлет бір жыл ішінде басқа спорттық дивизионға ауыса алады.
Бодибилдинг - Sputnik Қазақстан
12/13
IFBB Орта Азия чемпионатына 5 IFBB Elite Pro карталарын бөлді. Бұл картаны жеңген атлет бір жыл ішінде басқа спорттық дивизионға ауыса алады.
© Sputnik / Владислав ВодневЖеңімпаздар ішінен әлемдік ауқымды жарыстарда Қазақстан намысын қорғайтын бодибилдерлер іріктеледі.
Бодибилдинг - Sputnik Қазақстан
13/13
Жеңімпаздар ішінен әлемдік ауқымды жарыстарда Қазақстан намысын қорғайтын бодибилдерлер іріктеледі.
Жаңалықтар
0