18:43 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
© Sputnik / Valeriy Melnikov
Каракастағы Пьедрита шағын ауданының балалары көшеде баскетбол ойнап жүр.

Басын бәйгеге тігіп, осы қалаларға баруға бел буған саяхатшылардың өте сақ болғаны жөн. Sputnik Қазақстан оқырмандар назарына қылмыс деңгейі ең жоғары шаһарларды ұсынады

Әлемдегі ең қауіпті қала - Сан-Педро-Сула (Гондурас), деп мәлімдеді Numbeo порталының сарапшылары.

Зерттеулерге сүйенсек, ең қауіпті қалаларға Каракас (Венесуэла), Питермарицбург (Оңтүстік Африка Республикасы), Порт-Морсби (Папуа — Жаңа Гвинея), Оңтүстік Африка Республикасының үш қаласы — Претория, Йоханнесбург, Дурбан, сондай-ақ үш бразилиялық шаһар — Форталеза, Сальвадор және Рио-де-Жанейро жатады.

Тағы оқыңыз: Зәре-құтың қалмайды: әлемдегі ең қауіпті 10 соқпақ - фото

Осы жерлерге сапар шеккен туристердің аса сақ болғаны жөн, өйткені еліне аман-есен оралмауы да мүмкін.

Айтпақшы, ең қауіпсіз қалаларға БАӘ астанасы Абу-Даби, Доха (Катар), Квебек (Канада), Тайбей (Қытай), Мюнхен, Дубай, Цюрих, Берн, Гонконг және Эскишехир (Түркия) жатады.

Sputnik Қазақстан фотолентасынан әлемдегі қылмыс деңгейі ең жоғары қалаларды тамашалай аласыз.

Тақырып бойынша

Акула, жылан, медуза: әлемнің ең қауіпті жағажайлары - фото
Кілт сөздер:
фото, әлем қалалары
Загрузка...

Басты тақырып