03:31 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Фото

Абайдың үш әйелі: ақын сүйіктілеріне не сыйлаған - фото

Қысқа сілтеме алу
Абайдың 175 жылдығы (47)
12992141
  • Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың Ділдә, Әйгерім және Еркежан деген үш жары болған. Абайдың бірінші екі әйелінен 10 бала, 19 немере, 13 шөбере тараған. Олардың тоғызы Ұлы Отан соғысына қатысып, тек екеуі туған жеріне оралған. Бұл – бүгінгі күнге дейін жеткен ақынның екі суретінің бірі және үшінші жары Еркежан түскен (ортасында тұрған) жалғыз фото. Ал Ділдә мен Әйгерімнің суреттері сақталмапты.
  • 1885 жылы Абай заттарын өлкетану музейіне тапсырыпты. Олардың арасында ақынның екінші жары Әйгерімнің таза тері, ағаш пен күмістен жасалған ер-тоқымы болған екен.
  • Ал бұл қобдишаны Әйгерім таныстарының біріне сыйға тартыпты. Көп жыл өткен соң Семей тұрғыны Айдар Доланбеков оны музейге сыйлаған. Ерекше қобдишаны оның әжесіне Әйгерімнің өзі сыйға тартқан екен. Бұл зат ұзақ уақыт бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келіпті. Ал қазір ол – құнды жәдігер.
  • XIX ғасырдағы қыз-келіншектер қазіргі заманғылар сияқты әшекей бұйымдарды ұнатқан. Суретте - Құнанбаевтың әйелдерінің замандастары таққан сырғалар, жүзіктер мен білезіктер.
  • Абай заманындағы сән.
  • Ақынның сүйікті әйелі Әйгерімге сыйлаған тағы бір ер-тоқымы. XIX ғасырдағы шебер туындыларының сұлулығын Жидебайдағы Құнанбаевтың музей-үйінде көруге болады.
  • Жидебайдағы үйдің иесі, Абайдың үшінші жары Еркежанның бөлмесі осындай болыпты. Ол бастапқыда ақынның кіші інісі Оспанның әйелі болған. 1892 жылы Оспан қайтыс болғаннан кейін Еркежан әмеңгерлікпен Абайдың үшінші жары болып, ақынның өмірінің соңғы 11 жылында Жидебайда бірге тұрған.
  • XIX ғасырдағы төсек дұрыс ұйықтау талаптарына жауап берген. Яғни, бас пен аяқ бір деңгейге көтерілген, бұл қан айналымына жақсы ықпал етеді екен. Бұған қоса, көшкен кезде төсекке үйдегі керек-жарақтың бәрін салып, жолға шығып отырған.
  • Абайдың үш жары да кезінде мол жасаумен келіпті. Ол уақытта ағаш сандықтар сүйекпен ғана емес, бағалы тастармен әшекейленетін. Қуғын-сүргін, соғысты көрген сандықтар осындай күйде ғана сақталыпты.
  • Қобдиша мен ағаштан жасалған үтік-рубель. Еркежанның заттары.
  • Жидебайдағы Құнанбаевтар үйінде тұрған антиквар айна.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың Ділдә, Әйгерім және Еркежан деген үш жары болған. Абайдың бірінші екі әйелінен 10 бала, 19 немере, 13 шөбере тараған. Олардың тоғызы Ұлы Отан соғысына қатысып, тек екеуі туған жеріне оралған. Бұл – бүгінгі күнге дейін жеткен ақынның екі суретінің бірі және үшінші жары Еркежан түскен (ортасында тұрған) жалғыз фото. Ал Ділдә мен Әйгерімнің суреттері сақталмапты.

Абай Құнанбаевтың есімін бүкіл әлем таниды. Ұлы ақын, ағартушы әрі философтың туындылары әлі күнге дейін өзектілігін жойған емес. Дегенмен қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушының жеке өмірі туралы көбі біле бермейді

Абайдың Ділдә, Әйгерім және Еркежан деген үш жары болған. Ол кезде көп әйел алу рұқсат етілген еді. Үшеуі де бір уақытта ақынның жары болды, бірақ әртүрлі ауылда тұрған.

Абай Ділдәға 15 жасында үйленді. Неке жастардың әкелерінің келісімімен қиылған. Ділдә да Абай сияқты текті отбасынан шыққан. Ол Қазыбек бидің ұрпағы, арғын руының биі Алшынбайдың туған немересі.

Абай тұрған үй: ақынның музейіне саяхат – видео

Ақынның екінші жары – Әйгерім. Оның шын есімі – Шүкіман (болжам бойынша "қант сияқты тәтті" деп аударылады). Ал оған Әйгерім деген есімді Абайдың өзі қойған. Қыздың сұлу болғаны соншалық, ақын оны "ай керім" деп атап кеткен екен. Абай Әйгерімге 30 жасында үйленген, олардың жас айырмашылығы 11 жасты құрапты. Әйгерім ақынның ең сүйікті жары болған екен. Абай өз сүйіктісін кездестірген жердегі бұлаққа қыздың есімі берілген. Әйгерім де текті отбасынан шыққан қыз, ол ұлт батыры, қазақтарды жоңғарлардан қорғаған Мамай батырдың тікелей ұрпағы.

Ұлы ақынның үшінші жары – Еркежан. Ол бастапқыда Абайдың інісі Оспанның әйелі болған. 1892 жылы Оспан қайтыс болғаннан кейін Еркежан әмеңгерлікпен Абайды үшінші жары болып, ақынның өмірінің соңғы 11 жылында Жидебайда бірге тұрған.

Құнанбай қажылыққа аттанған: Қазақстандағы ежелгі мешіт туралы не білеміз?

Олардың ортақ балалары жоқ. Еркежан бірінші некеден туған ұрпағын тәрбиелеген. Еркежанға Құнанбаевтар отбасының мүшелері – қайын атасы Құнанбай Өскенбаевты, күйеулері – Оспан мен Абайды, ақынның әйелдері – Ділдә мен Әйгерімді жерлеу ауыртпалығы түсіпті. Еркежанның өзі Оспан мен Абайдың зиратына жақын жерде – Жидебайда жер қойнына тапсырылды. Ал Ділдә мен Әйгерім Абай тасжолы бойындағы Аралтөбе, Ақшоқы деген мекендерде жерленген екен.

Ақынның екі әйелі 10 бала тапқан, олардан 19 немере мен 13 шөбере тараған. Олардың тоғызы Ұлы Отан соғысына қатысып, тек екеуі туған жеріне оралыпты.

Абай мұрасы бізге қалай жетті - фото

Sputnik Қазақстан Абайдың әйелдерінің жеке заттарының фотосын назарға ұсынады. Бұл суреттерден Құнанбаевтар отбасының қалай өмір сүргенін көруге болады.

Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (47)

Тақырып бойынша

Джеки Чан Абайдың өлеңін қытайша оқыды - видео
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы қызықты деректер
"Қазақ поэзиясының құлагері" атанған Ілияс Жансүгіров туралы не білеміз?
Семейде әуежай мен мектепке Абай есімі беріледі
Кілт сөздер:
әйелдер, фото, Абай Құнанбайұлы, Абай
Загрузка...

  • Портрет. Біздің уақыттың қаһарманы. Суреттер сериясы номинациясы бойынша енген ирандық фотосуретші Shiva Khademi-дің Түстерді сүйетін әйел туындысы
    Последнее обновление: 13:14 07.07.2020
    13:14 07.07.2020

    Андрей Стенин атындағы конкурсқа ұсынылған үздік суреттер

    Sputnik фототаспасынан Андрей Стенин атындағы фотожурналистика байқауына қатысушылардың үздік суреттерін тамашалаңыз. Фотобайқауға ұсынылған тамаша туындылар сізді таңғалдырады деген сенімдеміз

    42
    16
  • Жеңіс парадына Қазақстанның барлық құрамасы арасынан подполковник Ұлан Нұрғазиев бастаған 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасы қатысты
    Последнее обновление: 21:36 24.06.2020
    21:36 24.06.2020

    Жеңістің 75 жылдығына арналған парад қалай өтті – фото

    Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толуына орай Қызыл алаңда мерейтойға арналған парад өтті. Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына 14 мыңнан астам әскери қызметші қатысты, сонымен қатар екі жүзден астам әскери техника, 75 ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылды

    386
    20
  • Түтін, шаң, лас ауа. Бұл мегаполис тұрғындарына таныс жағдай. Тайланд астанасы Бангкоктағы күн сәулесі түтін арасынан көрінеді
    Последнее обновление: 16:25 15.06.2020
    16:25 15.06.2020

    Адамдар ғаламшарды қалай "өлтіріп" жатыр – жаға ұстатарлық 15 фото

    Жер шарына коронавирус індетінің айтарлықтай пайдасы тигенін атап өтпеске болмас. Ауру әлемде тарап, жағдай күйіп тұрған кезде көптеген ел өнеркәсіп өндірісін төмендетуге мәжбүр болды. Ал ғаламшар бір сәт демалып қалды. Фотоларды қарасаңыз, бәрін бірден түсінесіз!

    1226
    15
  • Последнее обновление: 21:27 04.06.2020
    21:27 04.06.2020

    "Байқоңыр" ғарыш айлағы: жұлдыздар әлеміне апарар жол – фото

    1961 жылы Жер шарының тұрғыны Юрий Гагаринді алғашқы болып орбитаға шығарған "Байқоңыр" ғарыш айлағына биыл 65 жыл

    134
    27

Басты тақырып