01:32 06 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.35
  • EUR496.08
  • RUB5.73
  • Исландия премьер-министрі Катрин Якобсдоуттир. Исландияның саяси қайраткері, журналист әрі оқытушы. Катрин 2017 жылғы 30 қарашада Исландия үкіметін басқарды. Ол 2017 жылғы қарашада президенттен үкімет құруға мандат алды.
  • Ана Брнабич – серб саясаткері, 2017 жылғы 29 маусымнан бастап Сербия премьер-министрі. Бұған дейін Александр Вучич үкіметінде мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару министрі болған.
  • 2019 жылғы 10 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін Финляндия премьер-министрі Санна Марин. Әлемдегі қазіргі ең жас үкімет басшысы әрі Финляндия тарихындағы ең жас премьер-министр.
  • Колинда Грабар-Китарович Хорватияның мемлекеттік әрі саяси қайраткері, 2015 жылғы 19 ақпаннан бастап Хорватия президенті қызметіне кірісті.
  • Метте Фредериксен – даниялық саясаткер, 2019 жылғы 27 маусымнан бастап Дания премьер-министрі. 2001 жылдан бері Копенгаген округінен сайланған фолькетинг депутаты. Хелле Торнинг-Шмитт үкіметінде 2011 жылдан 2014 жылға дейін жұмыспен қамту министрі, 2014 жылдан 2015 жылға дейін әділет министрі болған.
  • Софи Вильмес – бельгиялық мемлекеттік әрі саяси қайраткер, француз қауымдастығының өкілі, Реформаторлық қозғалыс партиясының мүшесі. Софи Вильмес 2019 жылғы 27 қазаннан бастап Бельгия премьер-министрі.
  • Керсти Каальюлайд - эстониялық экономист әрі саясаткер. 2016 жылғы 10 қазанда Эстония президенті қызметіне кірісті.
  • Майя Санду – молдовалық саяси әрі мемлекеттік қайраткер. 2016 жылғы сайлауда Молдавия президенті қызметіне үміткер болды. 2019 жылғы 8 маусымнан 12 қарашаға дейін Молдова Республикасының премьер-министрі.
  • Жанин Аньес Чавес – боливиялық саясаткер әрі заңгер. Бени департаментіне өкілдік еткен сенатор. Президент Эво Моралес отставкасынан кейін Боливия президенті міндетін атқаруда.
  • Зузана Чаапутова – словак мемлекеттік қызметкері, 2019 жылғы 15 маусымнан бастап бүгінге дейін Словакия Республикасының президенті әрі Словакия қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы.
© AP Photo / Michael Sohn
Исландия премьер-министрі Катрин Якобсдоуттир. Исландияның саяси қайраткері, журналист әрі оқытушы. Катрин 2017 жылғы 30 қарашада Исландия үкіметін басқарды. Ол 2017 жылғы қарашада президенттен үкімет құруға мандат алды.

Sputnik мемлекет басқарып отырған 10 ең жас саясаткер әйелдің фотосуреттерін назарға ұсынады. Бұл мықты ханымдар кімдер?

Саясат әрдайым ерлердің ісі болған. Дегенмен қазіргі заманда көптеген әйел саясат шыңын бағындыруда.

Олар премьер-министр және президент қызметтерін сәтті атқарып, саяси сахнада құрмет пен беделге қол жеткізіп жатыр.

Sputnik ел парламентін басқарып, президент сайлауында жеңіске жеткен, мемлекет басшылығында тұрған ең атақты әрі болашағы зор нәзік жандарды іріктеді.

Тағы оқыңыз: Бұрынғы үкімет басшысы тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес берді

Олардың қатарында Финляндияның 34 жастағы жаңа премьер-министрі Санна Марин бар. Ол әлемдегі министрлер кабинетінің ең жас басшысы атанды.

"Мықты ханымдар" қатарында Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович, Дания премьер-министрі Метте Фредериксен, Словакия президенті Зузана Чапутова, Исландия үкіметінің басшысы Катрин Якобсдоуттир мен басқалар бар.

Sputnik фотолентасынан ерлермен қатар мемлекет басқарып отырған қазіргі ең жас әрі ықпалды нәзік жандардың суреттерін көріңіздер.

Тақырып бойынша

Әйелінің сұлулығы себеп болды: спортшы күтпеген жерден жұмыссыз қалды – фото
2020 жылғы атаулы күндер мен мерейтойлар
"Әйеліме беріңіздер": жауынгердің 75 жыл бұрын жазған хаты табылды - фото
Анасы танымай қалды: Қыздың өмірге деген құштарлығы жұртты таңғалдырды
2019 жылы бүкіл елді дүрліктірген оқиғалар - видео
Кілт сөздер:
билік, әйелдер, саясаткер
Загрузка...

  • Сұлтан Омар Әлі Сайфуддин мешіті
    Последнее обновление: 14:50 03.08.2020
    14:50 03.08.2020

    Әлемге әйгілі әсем мешіттер – фото

    Sputnik Қазақстан әлемнің түрлі елдерінде бой көтеріп, әсемдігімен таң қалдырған мешіттердің фотосуреттер топтамасын ұсынады

    141
    12
  • Мәскеу олимпиадасының ашылу салтанаты
    Последнее обновление: 12:19 23.07.2020
    12:19 23.07.2020

    Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындары қалай ашылды – таңғажайып суреттер

    Мәскеу олимпиадасының салтанатты ашылуы – спортшылар жасаған фантастикалық пирамида мен рухты оятып, жігерді жанитын әнұранымен таңғажайып жағдайда өтті

    347
    14
  • Портрет. Біздің уақыттың қаһарманы. Суреттер сериясы номинациясы бойынша енген ирандық фотосуретші Shiva Khademi-дің Түстерді сүйетін әйел туындысы
    Последнее обновление: 13:14 07.07.2020
    13:14 07.07.2020

    Андрей Стенин атындағы конкурсқа ұсынылған үздік суреттер

    Sputnik фототаспасынан Андрей Стенин атындағы фотожурналистика байқауына қатысушылардың үздік суреттерін тамашалаңыз. Фотобайқауға ұсынылған тамаша туындылар сізді таңғалдырады деген сенімдеміз

    241
    16
  • Жеңіс парадына Қазақстанның барлық құрамасы арасынан подполковник Ұлан Нұрғазиев бастаған 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасы қатысты
    Последнее обновление: 21:36 24.06.2020
    21:36 24.06.2020

    Жеңістің 75 жылдығына арналған парад қалай өтті – фото

    Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толуына орай Қызыл алаңда мерейтойға арналған парад өтті. Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына 14 мыңнан астам әскери қызметші қатысты, сонымен қатар екі жүзден астам әскери техника, 75 ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылды

    470
    20

Басты тақырып