19:10 25 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.43
  • EUR407.11
  • RUB5.76
  • 7 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданында жаппай төбелес болды. Оның арты тәртіпсіздіктерге ұласып, салдарынан Масанчи мен Сартөбе ауылдары қирады. Зәресі ұшқан ауыл тұрғындары Қырғызстанға қашуға мәжбүр болды.
  • Sputnik Қазақстан тілшісі жантүршігерлік көріністерді суретке түсіріп алды. Ауылдың әр жерінен иесіз қалған көліктер, жанып кеткен үйлер мен дүкендер көрінеді.
  • Қордай ауданының бірқатар елді мекенінде жергілікті тұрғындар арасында қақтығыс 7 ақпан күндіз басталып, 8 ақпан түнге дейін жалғасты.
  • ІІМ жаппай тәртіпсіздіктерге жолдағы жанжал себеп болғанын мәлімдеді.
  • Әлеуметтік желілерде тараған видеолар мен хабарламалар жанжалды өршітіп жіберген.
  • Қазір ІІМ арандатушылық ақпараттарды кім таратқанын анықтап жатыр.
  • Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қордай ауданында қақтығыс салдарынан 10 адам көз жұмды.
  • Қақтығыстан кейін жергілікті тұрғындар Масанчи мен Сортөбе ауылынан қашты, үйлерде жарық жоқ.
  • Жаппай тәртіпсіздіктер барысында 30-дан астам жер үй өртенді.
  • 15 сауда нысаны мен 23 автокөлік жанып кетті.
  • Қазіргі таңда 10 адамның көз жұмғаны белгілі.
  • ІІМ ақпаратынша, полицияның бес қызметкері жарақат алды, құқық қорғаушылар қару қолданбаған.
  • Ашу-ызаға толы жастар полицейлердің талабына бағынбай, оларға қарсы күш қолданған, деп хабарлады ІІМ-нен.
  • Жанжал көрші екі ауылға ұласып, нысандарға әдейі өрт қойылған.
  • 165 адам медициналық көмекке жүгінді, олардың 25-і Қырғызстанда.
  • Қазір жағдай тұрақталды, 47 адам ұсталды, олардан екі аңшылық қару тәркіленді.
  • Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу және Адам өлтіру баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
  • Қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Билік барлық үй мен нысандарды қалпына келтіруге, шығынды өтеуге уәде берді.
© Sputnik / Тимур Батыршин
7 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданында жаппай төбелес болды. Оның арты тәртіпсіздіктерге ұласып, салдарынан Масанчи мен Сартөбе ауылдары қирады. Зәресі ұшқан ауыл тұрғындары Қырғызстанға қашуға мәжбүр болды.

Sputnik Қазақстан фототілшісі Масанчи ауылына барып, жаппай тәртіпсіздіктерден кейінгі елді мекеннің көрінісін суретке түсірді

7 ақпан күні 19:00-де Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылының шетінде 70-ке тарта тұрғын төбелескен. Оқиға орнына полицейлер келді. Қақтығысқа көрші елді мекендерден тағы үш жүзге жуық адам келіп қосылған.

Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрған. Тіпті, қару да қолданған.

Тағы оқыңыз: Қордайдағы қақтығыс: Сапарбаев Қырғызстанға қашқандарға үндеу жасады

Алдын ала мәлімет бойынша, тәртіпсіздіктер кезінде 25 жер үй, 31 коммерциялық нысан және 41 автокөлік өртеніп, зақымданған. Сондай-ақ, 10 адамның көз жұмғаны белгілі.

Масанчидің қазіргі көрінісі көңілге қаяу ұялатады – ауыл қираған. Айнала – өртенген үйлер мен дүкендер, иесіз көліктер.

Оқиға орнынан түсірілген суреттерді Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіздер.

Тақырып бойынша

Қордайдағы оқиға: арандатушылар ұсталды
Назарбаева Қордайда қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты
Қордай ауданының қос ауылындағы оқиғалар бір-бірімен байланысты ма?
Загрузка...

Басты тақырып