08:04 26 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Фото

Нұр-Сұлтан ғимараттарының қандай құпиясы бар - фото

Қысқа сілтеме алу
2213 0 0
  • Елорданың бірегей сауда орталығы Хан Шатыр бұндай бейнеде одан да ғажайып көрінеді! Тек елестетіп көрші, осы шыны нысан іргетасының орнында – үлкен ұшатын тәрелке, ал шатыр күмбезінің басында – ғарыштан құпия сигналдар ұстайтын антенна бар.
  • Ақорда астындағы құпия жерасты қаласы. Сен бұндайға сене алар ма едің?
  • Алып шар - ЭКСПО насындары арасындағы ең ерекше нысандардың бірі. Ал Нұр Әлем шыны сферасы – мегаполис қойнауына қармауыштарын тыққан алып жыртқыш сегізаяқтың басы болса қалай?
  • Қазақстан астанасының символы Бәйтерек беймәлім, жаңа ғаламшарлар ортасындағы әлем орталығы іспетті.
  • Қаланың қалың асфальтінің астында параллель әлемдер мен басқа ғаламшарлардан келген тіршілік иелері ғасырлар бойы қалған сияқты. Бұнда суық шыны мен бетоннан салынған заманауи ғимараттар астында тығылған бөтендер әлі көп пе?
  • Пирамидалар құпиясы ешқашан толық ашылмайтын сияқты... Фотограф қиялында бейбітшілік және келісім сарайы осындай.
  • Алмаз Дүйсебаев Абай Құнанбаевтың 175-жылдығын мерекелеу тақырыбын да аттап өтпеді. Зүбаржат орамы бизнес орталығы ұлы қазақ ақыны әрі ойшылы кітаптарының бейнесінде жасалды. Мәселен, бұл ғимарат халық арасында кітап деп аталып кеткен.
  • Астана LRT-ға арналған бағандар ежелгі тас алыптарының үстінде орналасқан… Автордың айтуынша, ол суретке ешқандай мағыналық салмақ енгізбесе де, бұл фотосурет ойландырады. Елордалық LRT жобасының оқиғасы да есімізде...
  • Астана мемлекеттік архивінің ғимараты ұшқалы тұрған зымыран түрінде бейнеленген.
  • Қазақстан орталық концерт залы. Оның іргетасының астында, жер түбінде, тереңде тас гүлдер өседі. Ғажайып қой, иә?
  • Шабыт шығармашылық сарайы. Дөңгелек ыдыс қазақтың етіне толы. Тәбетті ашады!
© Photo : Алмаз Дуйсебаев
Елорданың бірегей сауда орталығы "Хан Шатыр" бұндай бейнеде одан да ғажайып көрінеді! Тек елестетіп көрші, осы шыны нысан іргетасының орнында – үлкен ұшатын тәрелке, ал шатыр күмбезінің басында – ғарыштан құпия сигналдар ұстайтын антенна бар.

Сен қаланы осындай деп ойламаған шығарсың! Бұны көргеннен соң үйреніп қалған ғимараттар жанынан жай өте аласың ба?! Қара да, таң қал!

Бұл ерекше фотосуреттер көптеген елордалық пабликте тарады. Олардың авторы – астаналық Алмаз Дүйсебаев.

Қаланың атмосфералық, футуристік көріністері мен фотографтың ғажайып қиялы көптеген желі қолданушыларының көңілінен шықты.

Тек көзіңе елестетіп көрші, елордалық нысандардың астында өзге ғаламшарлықтар тығылып, алып гүлдер гүлдеп жатыр, жерасты жол тораптары бар құпия қала өз өмірімен тіршілік етіп, зәулім үйлер биіктігінде, мегаполистің қақ ортасында жаңа ғаламшарлар пайда болуда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaz Duisebayev (@almaz_duisebayev)

Автордың өзінің айтуынша, бұл суреттерде ешқандай мағыналық салмақ, тұспал да жоқ, бірақ шығармашылық пен шабыт бар.

Бұған қоса, оның еңбектеріне қарап, бұл шынымен біздің қала ма деп ойланып қаласың.

Біз білмеген қанша құпия асфальт, бетон мен шыны қабаттың астында болуы мүмкін?! 

Тағы оқыңыз: Елорда әкімі биыл қанша қолжетімді баспана салынатынын айтты

"Астана басқа көзбен" фотожұмыстар сериясына Нұр-Сұлтанның белгілі, танымал ғимараттарының таңғажайып бейнелері кірді.

Сондай-ақ, бұлар мүлдем басқа Ақорда, Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайы, Хан-Шатыр, "Шабыт" сарайы, ірі банк пен бизнес-орталық ғимараттары.

Осы фотоларды көргеннен кейін қалаға бұрынғыдай қарай аласыңдар ма?

Алмаз Дүйсебаевтың Қазақстан бас қаласының керемет фотолары - Sputnik Қазақстан фототоптамасында.

Тақырып бойынша

Елорда сауда орталығында бүлік шығарған адамды кімдер ұстады - видео
Нұр-Сұлтанда көшеде құлап қалған депутат ашуланып кетті
"Бізді жамандай бермеңдер": Татьяна қар тазалаушылардың жанайқайын жеткізді - видео
Биыл Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалай өзгереді
Көлгінов елордадағы тұрғын үй құрылысының сапасы туралы ойын айтты
Кілт сөздер:
фото, ғимараттар, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып