12:30 02 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.66
  • EUR454.70
  • RUB5.71
  • Америкалық актер Том Хэнкс пен оның әйелі Рита Уилсон 2018 жылы 16 шілдеде Лондондағы қызыл кілем үстімен жүріп өткен кезі. Актер әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын әлеуметтік желілер арқылы жария етті. 63 жастағы Хэнкстің айтуынша, ерлі-зайыпты Австралияда жүргенде ауырып қалған
  • Футболист Челси Каллум Хадсон-Одои
© AFP 2019 / Anthony Harvey
Америкалық актер Том Хэнкс пен оның әйелі Рита Уилсон 2018 жылы 16 шілдеде Лондондағы қызыл кілем үстімен жүріп өткен кезі. Актер әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын әлеуметтік желілер арқылы жария етті. 63 жастағы Хэнкстің айтуынша, ерлі-зайыпты Австралияда жүргенде ауырып қалған.

Әлемді әбігерге салған коронавирус ауруына атақты адамдар да шалдығып жатыр. Оның қатарында танымал саясаткерлер, актерлер мен спортшылар да бар

Дәрігерлер көмегіне жүгінген алғашқы танымал адамдардың бірі - Голливуд актері Том Хэнкс. Ол жұбайымен бірге коронавирусты Австралияда жұқтырған көрінеді. Бүгінде актер мен оның әйелі Рита Уилсон ауруханадан шығарылды.

Жауапкершіліктің ең жарқын үлгісін Канада премьер-министрі Джастин Трюдо көрсетті. Ол әйелі Софиде коронавирус анықталғаннан кейін бірден өзі үйде оқшауланды.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялады. Әлемнің 150-ден астам еліндегі 160 мыңнан астам адам бұл ауруды жұқтырды. Олардың көпшілігі сауықты, алты мыңнан астамы қайтыс болды.

Қазақстанда пандемияға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Жұмысшылардың көпшілігі қашықтан жұмыс істеу форматына көшуде. Сауда, ойын-сауық орталықтары, спорт және басқа да нысандар жабылып, барлық қоғамдық шаралар тоқтатылды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1050)

Тақырып бойынша

Алматы вокзалында дүрбелең: қаладан кімдер кетіп жатыр – фото
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы ақпаратты бөлісті
"Бізге жұмыртқа лақтырады": Испаниядағы қазақстандықтардың мәселесі қалай шешіледі
Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақ Қарағандыға қонды – жолаушылар карантинге алынды
Алматыда медициналық бетперде бағасы белгіленді: қайдан сатып алуға болады
"72 сағат бар": Алматыда 22 наурызда қаладағы барлық бекет жабылады
Загрузка...

Басты тақырып