14:38 01 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
  • Краснодардағы Пашковский әуежайы ғимаратының алдындағы 588-ші түнгі бомбалаушы әйелдер әуе полкінің командирі Евдокия Бершанскаяның ескерткіші және У-2 (По-2нлб) ұшағының моделі. Ұлы Отан соғысы жылдарында По-2 ұшағымен 588-ші жеңіл бомбалаушы әйелдер әуе полкі (Түнгі мыстандар) соғысты.
  • Полк 1941 жылдың қазан айында құрылды. Ал қыздар алғашқы жауынгерлік ұшуды По-2 ұшағымен 1942 жылдың 12 маусымында орындады, олардың ішінде жалғыз қазақ ұшқыш әйелі Хиуаз Доспанова бар.
  • 588-ші әйелдер әуе полкінің (Түнгі мыстандар) алғашқы құрамына 115 адам кірді. Механиктен бастап, ұшқыштар мен штурмандарға дейінгі барлық лауазымдарды 17-22 жас аралығындағы қыздар атқарды.
  • 588-ші бомбалаушы әйелдер әуе полкі барлық жауынгерлік тапсырманы тек түнде орындағандықтан, Түнгі мыстандар деген аңызға айналған атауды иеленді. Қыздар бомбаланатын нысандарға жақындағанда қозғалтқышты өшіріп қоятын. Ал фашистер сыпырғыштың ысқырығына ұқсайтын дыбысты ғана еститін.
  • Неміс басқыншыларымен шайқаста көрсеткен ерлігі үшін аты аңызға айналған Түнгі мыстандар полкі 1943 жылдың ақпан айында Гвардияшылар құрметті атағын алып, 46-шы гвардиялық түнгі бомбалаушы авиация полкіне айналды.
  • Жалғыз қазақ әйел ұшқышы Хиуаз Доспанова Түнгі мыстандар авиация полкінде оның құрылған сәтінен бастап Жеңіске жеткенге дейін қызмет етті.
  • Хиуаз Доспанова өз құрбыларымен бірге По-2 ұшағымен 300-ге жуық жауынгерлік тапсырманы орындады.
  • 588-ші түнгі бомбалаушы әйелдер әуе полкінің командирі Евдокия Бершанскаяның соғысқа дейін 10 жылдық ұшу тәжірибесі болған.
  • Полк құрылған кезде 20 По-2 ұшағы болды, кейін олардың саны 45-ке, ал соғыстың соңында 36 әскери ұшаққа жетті.
  • По-2 ұшағын ұшқыш та, штурман да басқара алатын. Ұшқыш көз жұмып, штурман ұшақты базаға қондырған жағдайлар болды. 1943 жылдың тамызына дейін қыздар парашют алмай, оның орнына 20 килограмм бомба алғанды жөн көрді.
© Sputnik / Vitaliy Timkiv
Краснодардағы Пашковский әуежайы ғимаратының алдындағы 588-ші түнгі бомбалаушы әйелдер әуе полкінің командирі Евдокия Бершанскаяның ескерткіші және У-2 (По-2нлб) ұшағының моделі. Ұлы Отан соғысы жылдарында По-2 ұшағымен 588-ші жеңіл бомбалаушы әйелдер әуе полкі ("Түнгі мыстандар") соғысты.

Ұлы Отан соғысында жаумен шайқасқан жалғыз қазақ ұшқыш әйелі әйгілі әуе полкінің құрамында болды және По-2 ұшағымен ұшты

Оралдық мектеп оқушысы Хиуаз Доспанова бала кезінен ұшуды армандады.

Мыңдаған бала сияқты ол да КСРО-ның ұшқыш-батырлары Гризодубова, Осипенко, Раскованың ерлігіне тәнті болған еді.

Хиуаздың аэроклубта По-2 оқу ұшағымен жаттығуына ата-анасы қарсы болмаған. Ал кейін ол осы ұшақпен бүкіл соғысты бастан өткерді.

Ұшақ – жеңіл, маневр жасауға оңтайлы, фанера мен металдан жасалған. Мұндай ұшақта ұшқыш пен штурман үшін екі орын ғана бар. Олар сағатына 120-130 шақырым жылдамдықпен, төмен биіктікте және тек қана түнде ұшатын. Өйткені, күндіз жау үшін оңай нысанаға айналады.

Оқи отырыңыз: Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов жайлы не білеміз?

Хиуаз аты аңызға айналған ұшқыш Марина Расковамен кездесуді армандады. Сондықтан ол мектепті бітіргеннен кейін Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери әуе академиясына оқуға түсуге аттанды. Өкінішке қарай, бұл оқуға түсу мүмкін болмағандықтан, Хиуаз дәрігер мамандығын таңдап, Бірінші Мәскеу медициналық институтының студенті болды.

Ұлы Отан соғысы басталғанда Хиуаз мединституттың екінші курсында оқып жүрді. Атақты Марина Раскованың басшылығымен әйелдер әуе полкі құрылып жатқанын естіген қыз ұшқыш болу арманының орындалуына аз қалғанын түсінді. Хиуаз кейіннен "Түнгі мыстан" деп аталып кеткен 588-ші түнгі жеңіл бомбалаушы авиация полкінің штурман-атқышы болды.

Небәрі 17-22 жас аралығындағы ұшқыштар мен механиктерден құралған полктегі жүз он бес жас қыз фашистерге қырғидай тиді. Достары Катя деп атаған Хиуаз Доспанова Оңтүстік майданда, Солтүстік Кавказ бен Закавказьеде, Украинада және Белоруссияда соғысты. Полк бүкіл соғыстан өтіп, Жеңісті Берлин түбінде қарсы алды.

Оқи отырыңыз: 17 жасында майданға аттанған Әлия Молдағұлова туралы қызықты деректер

Кілт сөздер:
Ұлы Отан соғысы, фото
Загрузка...

Басты тақырып