21:21 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Фото

Карантиннен жүгіруге дейін: қазақстандықтар саябақта спортпен айналыса бастады – фото

Қысқа сілтеме алу
171 0 0
  • Саябақтар мен гүлзарларға барлық жастағы астаналықтар жаттығу жасау үшін шықты.
  • Қала тұрғындары карантин кезінде қозғалыс белсенділігін сағынып қалғаны соншалық, жүгіруге арналған жолдар толып қалды.
  • Тіпті спортты ұнатпайтындардың өзі қазір жанкүйерлер қатарына қосылды.
  • Көптеген адам таразыға тұрып, оқшаулау кезінде артық салмақ қосып алғанын көріп шошып кетті.
  • Оқшаулау режимінің орнын тамақтан өзін тию мен спортпен айналысу басты. Фотода: жастар Нұр-Сұлтан саябағында жүгіріп жүр.
  • Тіпті ауа райы мен көктем астана тұрғындарына уақытты таза ауада өткізуге мүмкіндік жасап отыр. Саябақтарда жұпаргүл аңқып, алма ағашы гүлдеп тұр, сондай-ақ, балғын қылқан иісі аңқып тұр. Фотода: астаналықтар саябақта жаттығып жатыр.
  • Көп ұзамай жаз келеді, сол себепті сырт келбеті жақсы қалыпта болу қажет. Өзін құрметтейтін ханымдар спорттық киімге көшті.
  • Балалардан қарттарға дейін спортпен айналысып жатыр, егде жастағы аталар мен әжелер, ересектер мен жасөспірімдер, балалармен бірге жүрген отбасылар да бар. Фотода: Нұр-Сұлтан саябағында жүгіріп жүрген егде жастағы спортшы.
  • Кішкентай алматылық спортшы да анасымен бірге жаттығуға шықты.
  • Саябақтар мен гүлзарларда сымбатты бойжеткендер белсенді жаттығу жасап жатыр.
  • Келбеті мен кескінін ынта салып қадағалайтын қыздар сымбаты үшін бүтін бір марафон ұйымдастырады. Фотода: алматылық сымбатты бойжеткен шпагатқа отырды.
  • Боксшылар да топ болып жиналып, таза ауада жаттығу өткізіп жатыр.
  • Ал бұл қалалықтар арасындағы спорт әуесқойларының тобы сияқты.
  • Олар спорттағы жетістіктеріне өздері де таңғалып жатқан болар.
  • Велосипедшілер саябақ аймағындағы арнайы жабдықталған веложолдарды жақсы көріп қалды, олар сол жерді сағаттап айналып жүр.
  • Бұлшықетті спортзалға бармай-ақ шынықтыруға болады, тек ниет болса болғаны. Фотода: алматылық карантин жеңілдетілген соң таза ауада дайындалып жатыр.
  • Кешкі уақытта жеңіл атлетикамен айналысып, сырт келбетті қайта қалпына келтіруге болады.
  • Ал кей адамдар алақанын күнге жайып не болмаса астана аспанына көтеріп, шөпте отырып йогамен айналысуды, медитация жасауды ұнатады.
  • Кейбірі үй жануарымен бірге жүгіруге шықты.
© Sputnik / Владислав Воднев
Саябақтар мен гүлзарларға барлық жастағы астаналықтар жаттығу жасау үшін шықты.

Төтенше жағдай режимі алынып, карантин шаралары жеңілдетілгеннен кейін Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары спортпен белсенді айналыса бастады.Қалалық саябақтар, гүлзарлар мен жағалаулар дене шынықтырумен айналысатындарға толды. Біздің фотолентаны көріңіз!

Балалардан қарттарға дейін, ата-аналарымен бірге балалар, ақсақалдар мен келбетті бойжеткендер, сонымен қатар бұған дейін спорт нысандары мен спорт шараларын айналып өтіп жүрген  қарапайым азаматтар – барлығы белсенді және салауатты өмір салтын ұстанатын жақтаушы мен фанатқа айналды.

Карантин кезінде төрт қабырғада отырған, траектория мен қозғалыс қарқындылығы аз болған тұрғындар спортпен айналысуға қуана кірісіп кетті.

Тұрғындар арасындағы спорттағы бұл қарқын қала саябақтарында анық байқалады, әсіресе кешкі уақытта жүгіру жолдары мен велосипед жолдарында, арнайы жабдықталған алаңдарда, жай ғана жасыл желекте отырып адамдар топпен әрі жалғыз жүріп те белсенді түрде жаттығу жасап жатыр.

Sputnik Қазақстан фототілшілері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы жағалау мен саябақтарды аралап, тұрғындардың спортпен шұғылданған сәтін көріп қайтты.

Кілт сөздер:
саябақ, спорт, карантин
Загрузка...

  • Портрет. Біздің уақыттың қаһарманы. Суреттер сериясы номинациясы бойынша енген ирандық фотосуретші Shiva Khademi-дің Түстерді сүйетін әйел туындысы
    Последнее обновление: 13:14 07.07.2020
    13:14 07.07.2020

    Андрей Стенин атындағы конкурсқа ұсынылған үздік суреттер

    Sputnik фототаспасынан Андрей Стенин атындағы фотожурналистика байқауына қатысушылардың үздік суреттерін тамашалаңыз. Фотобайқауға ұсынылған тамаша туындылар сізді таңғалдырады деген сенімдеміз

    46
    16
  • Жеңіс парадына Қазақстанның барлық құрамасы арасынан подполковник Ұлан Нұрғазиев бастаған 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасы қатысты
    Последнее обновление: 21:36 24.06.2020
    21:36 24.06.2020

    Жеңістің 75 жылдығына арналған парад қалай өтті – фото

    Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толуына орай Қызыл алаңда мерейтойға арналған парад өтті. Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына 14 мыңнан астам әскери қызметші қатысты, сонымен қатар екі жүзден астам әскери техника, 75 ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылды

    389
    20
  • Түтін, шаң, лас ауа. Бұл мегаполис тұрғындарына таныс жағдай. Тайланд астанасы Бангкоктағы күн сәулесі түтін арасынан көрінеді
    Последнее обновление: 16:25 15.06.2020
    16:25 15.06.2020

    Адамдар ғаламшарды қалай "өлтіріп" жатыр – жаға ұстатарлық 15 фото

    Жер шарына коронавирус індетінің айтарлықтай пайдасы тигенін атап өтпеске болмас. Ауру әлемде тарап, жағдай күйіп тұрған кезде көптеген ел өнеркәсіп өндірісін төмендетуге мәжбүр болды. Ал ғаламшар бір сәт демалып қалды. Фотоларды қарасаңыз, бәрін бірден түсінесіз!

    1242
    15
  • Последнее обновление: 21:27 04.06.2020
    21:27 04.06.2020

    "Байқоңыр" ғарыш айлағы: жұлдыздар әлеміне апарар жол – фото

    1961 жылы Жер шарының тұрғыны Юрий Гагаринді алғашқы болып орбитаға шығарған "Байқоңыр" ғарыш айлағына биыл 65 жыл

    134
    27

Басты тақырып