16:18 12 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Фото

Адамдар ғаламшарды қалай "өлтіріп" жатыр – жаға ұстатарлық 15 фото

Қысқа сілтеме алу
1408 0 0
  • Түтін, шаң, лас ауа. Бұл мегаполис тұрғындарына таныс жағдай. Таиланд астанасы Бангкокта күн сәулесі түтін арасынан көрінеді
  • Үндістанның Мумбаи қаласындағы Джуху жағажайында қоқыс тазалап жүрген 8 жастағы белсенді қыз Ливирия Кангуджам.
© AP Photo / Gemunu Amarasinghe
Түтін, шаң, лас ауа. Бұл мегаполис тұрғындарына таныс жағдай. Таиланд астанасы Бангкоктағы күн сәулесі түтін арасынан көрінеді

Жер шарына коронавирус індетінің айтарлықтай пайдасы тигенін атап өтпеске болмас. Ауру әлемде тарап, жағдай күйіп тұрған кезде көптеген ел өнеркәсіп өндірісін төмендетуге мәжбүр болды. Ал ғаламшар бір сәт демалып қалды. Фотоларды қарасаңыз, бәрін бірден түсінесіз!

Өндірістің төмендеуі біздің аядай ғана әдемі планетамызға оң әсер етті. Әдетте ғаламшар тұрғындары, яғни біз, адамдар қоршаған ортаға қастандық жасаймыз. Ғалымдар қазірдің өзінде пандемияның Жердің климатына оң әсер еткенін дәлелдеп жатыр. Мәселен, атмосфераға бөлінетін СО2 көлемі азайды, бұқаралық іс-шаралар, футбол ойындары мен концерттер, чемпионаттар кейінге қалдырылды, адамдар көлікті әдеттегіден сирек қолданатын болды, көбі үйден жұмыс істеді.

Спутниктен түсірілген фотолар бірқатар елде ластану деңгейінің айтарлықтай төмендегенін көрсетеді.

Оқи отырыңыз: "Байқоңыр" ғарыш айлағы: жұлдыздар әлеміне апарар жол – фото

Сонымен, экология тұрғысынан қарайтын болсақ, COVID-19 инфекциясының өршуінің пайдасы тиді.

Осыдан кейін адамзат қорытынды жасап, Жер ресурстарын неғұрлым ұқыпты пайдалану жағына көңіл бөледі деген үміттеміз.

Кілт сөздер:
табиғат, жер, фото
Загрузка...

Басты тақырып