15:15 12 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
  • Президент Казахстана посетил военный парад по случаю 75-летия Победы
  • Казахстанские военные прошли по Красной площади во время парада Победы
© Sputnik / Host photo agency / Alexander Vilf
1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арнайы Мәскеуде Қызыл алаңда әскери парад өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толуына орай Қызыл алаңда мерейтойға арналған парад өтті. Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына 14 мыңнан астам әскери қызметші қатысты, сонымен қатар екі жүзден астам әскери техника, 75 ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылды

Қызыл алаңда салтанатты шерумен 53 жаяу лек жүріп өтті. Салтанатты жиында ТМД елдері мен басқа да шет мемлекеттердің қарулы күштерін таныстырған 13 бөлік сап түзеді.

Қазақстан Республикасының атынан десанттық-шабуылдау әскері әскери бөлімінің 55 әскери қызметшісі қатысты.

Парадқа Ресей президенті Владимир Путин, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Молдова президенті Игорь Додон, Сербия президенті Александр Вучич, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, сербтер атынан Босния және Герцеговина президиумының мүшесі Милорад Додик, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымның басшысы қатысты.

Тақырып бойынша

Мәскеуде Қызыл алаңда Жеңіс парады өтті - видео
Жеңіс парады: Тоқаев қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті - видео
Путин мен қонақтар Жеңіс парады кезінде трибунада болады – Песков
Путин парадқа дейін Тоқаевпен сөйлесті
Мәскеудегі Жеңіс парады: қазақстандықтар Қызыл алаңға шығады
Кілт сөздер:
фото, әскери парад, Жеңіс күні
Загрузка...

Басты тақырып