10:45 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Фото

Андрей Стенин атындағы конкурсқа ұсынылған үздік суреттер

Қысқа сілтеме алу
246 0 0
  • Андрей Стенин атындағы конкурстың қысқаша тізіміне Портрет. Біздің уақыттың қаһарманы. Суреттер сериясы номинациясы бойынша енген ирандық фотосуретші Shiva Khademi-дің Түстерді сүйетін әйел туындысы.
  • Андрей Стенин атындағы конкурстың Менің планетам. Жеке фотосурет номинациясының қысқа тізіміне енген үнді фотографы Shubham Kothavale-нің Қызғылт фестиваль туындысы.
  • Андрей Стенин атындағы конкурстың Менің планетам. Жеке фотосурет номинациясының қысқа тізіміне енген бангладештік фотограф Abdul Momin-нің Джамундағы балық аулау туындысы
  • Андрей Стенин атындағы конкурстың Үздіксіз жаңалықтар. Жеке фотосурет номинациясының қысқа тізіміне енген испан фотографы Bruno Thevenin-нің Күнәсіздік уақыты емес туындысы.
  • Менің планетам. Жеке фотосурет аталымында Андрей Стенин атындағы байқаудың қысқа тізіміне енген венгр фотографы Balazs Beli-дің Көгілдір сағат туындысы.
  • Орыс фотографы Федор Телковтың Ескі діндарлар крестті скит орнында тұғызу үшін крест алып келеді суреті Андрей Стенин атындағы конкурстың Менің планетам. Жеке фотосурет санатындағы қысқа тізіміне енді.
  • Андрей Стенин атындағы конкурстың Менің планетам. Суреттер сериясы номинациясының қысқа тізіміне енген испан фотографы Luis Tato-ның Жанып жатқан жайылымның түтіні. Егін орағындағы жұт туындысы.
  • Неміс фотографы Kevin Krautgartner-дің Боксит кеніші – алюминий бұлағы туындысы. Ол Менің планетам. Суреттер сериясы санатында Андрей Стенин атындағы конкурстың қысқа тізіміне енген.
  • Андрей Стенин атындағы конкурстың қысқаша тізіміне Портрет. Біздің уақыттың қаһарманы. Суреттер сериясы номинациясына енген үнді фотографы Santanu Dey-дің Көпқырлы бухурупи халқының өкілі жұмысы.
  • Андрей Стенин атындағы конкурстың Менің планетам. Жеке сурет номинациясының қысқа тізіміне енген америкалық фотограф Sean Steininger-дің Өмір шеңбері жұмысы.
  • Менің планетам. Жеке фотосурет номинациясы бойынша  Андрей Стенин атындағы конкурстың қысқа тізіміне енген үнділік фотограф Sumit Sanyal-дың Шеттегі өмір туындысы.
  • Итальялық фотограф Danilo Garcia Di Meo-ның Портрет. Біздің заманымыздың батыры. Суреттер сериясы номинациясына енген Кватрани. Жер сілкінісіндегі балалар фотосы.
  • Андрей Стенин атындағы конкурстың Менің планетам. Суреттер сериясы номинациясының қысқа тізіміне енген ирандық фотограф Younes Hani Someeh Soflaei-дің Бұрмаланған көкжиектер туындысы.
  • Түрік фотографы Sebnem Coskun-ның Гилиндира үңгірі. Бір тыныспен жұмысы Андрей Стенин атындағы конкурстың Спорт. Жеке фотосурет аталымындағы қысқа тізімге енген.
  • Андрей Стенин атындағы конкурстың Үздік жаңалықтар. Суреттер сериясы номинациясының қысқа тізіміне енген оңтүстік африкалық фотограф John Wessels-тің Эбола: Конго демократиялық республикасы туындысы.
  • Түрік фотографы Luis Tato-ның DusitD2 қонақ үйіндегі террористік шабуыл жұмысы Андрей Стенин атындағы конкурстың Менің планетам. Суреттер сериясы номинациясының қысқа тізіміне енген.
© Photo : Shiva Khademi
Андрей Стенин атындағы конкурстың қысқаша тізіміне "Портрет. Біздің уақыттың қаһарманы. Суреттер сериясы" номинациясы бойынша енген ирандық фотосуретші Shiva Khademi-дің "Түстерді сүйетін әйел" туындысы.

Sputnik фототаспасынан Андрей Стенин атындағы фотожурналистика байқауына қатысушылардың үздік суреттерін тамашалаңыз. Фотобайқауға ұсынылған тамаша туындылар сізді таңғалдырады деген сенімдеміз

Андрей Стенин атындағы фотоконкурстың халықаралық қазылар алқасына фотография саласындағы жетекші мамандар кірді. Конурсқа ұсынылған туындылар арасынан таңдалған үздік фотолар қысқа тізімге енгізілді.

Осы жылы талантты фотожурналист Андрей Стенинді еске алуға арналған байқауға әлемнің 75 елінен фотожурналистер қатысты. Олар 5 мыңнан астам туынды жіберді.

Арасынан тек 19 елдің қатысушысы ғана лауреат атанып, қысқа тізімге енді. Атап айтқанда Ресей, АҚШ, Франция, Үндістан, Италия, Испания, Иран, Бангладеш, Германия, Венгрия, Түркия, Беларусь, Оңтүстік Африка Республикасы, Қытай, Ұлыбритания, Австрия, Аргентина, Бразилия және Гаитидің өкілдері болды.

Жеңімпаздардың толық тізімін фотоконкурстың сайтынан көруге болады.

Жас және талантты фотожурналистер өз еңбектерінде көптеген өткір және өзекті мәселелерді, айталық, экологиялық мәселелерден бастап, әлеуметтік және саяси тақырыптарға дейін қозғаған.

Фотоконкурс нәтижесі, сондай-ақ басты жеңімпаздың аты-жөні осы жылдың қыркүйек айында белгілі болады.

Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы – 18-33 жас аралығындағы жас фоторепортерлер үшін жыл сайынғы байқау. Өтінімдер жыл сайын "Россия сегодня" ХАА-нің фотокорреспоненті Андрей Стениннің туған күніне орай 22 желтоқсанда қабылдана бастайды.

Андрей Стенин 2014 жылдың тамыз айында кәсіби міндетін орындау кезінде мерт болды.

Кілт сөздер:
фото
Загрузка...

Басты тақырып