13:05 06 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.35
  • EUR496.08
  • RUB5.73
Фото

Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындары қалай ашылды – таңғажайып суреттер

Қысқа сілтеме алу
35410
  • Лужники стадионында XXII олимпиада ойындарының ашылу салтанатында спортшылар өнерінің арқасында жарқын әрі есте қаларлықтай жағдайда өтті.
  • Олимпиаданың ашылу салтанатында Италия ұлттық олимпиада комитетінің өкілі жалауды көтеріп келеді.
  • Крылатское стадионына Гоша деп аталатын аю велоспорт бойынша олимпиада жарыстарының ашылу рәсіміне қатысты.
  • ХХІІ жазғы олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Лужники ашық стадионына Олимпиада алауы жеткізілген сәт.
  • Бүгінде мұндай кескінді пиксельді деп атауға болар еді. Қырық жыл бұрын әрбір пиксель арқылы таңғажайып жанды суретті қолмен жасаған адамдар.
  • АҚШ жанкүйерлері Мәскеуде өткен олимпиада ойындарының ашылу салтанатында өз елдерінің туын желбіретті. Ресми деректер бойынша КСРО астанасына шамамен үш мың америкалық келді.
  • Лужники стадионындағы олимпиаданың салтанатты ашылу шарасында шеңбер мен жалаулардан фантастикалық гүлдер жасалып, керемет жанды пирамидалар көтерілді.
  • Мәскеуде өткен XXII олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Халықтар достығы би сюитасы Кеңес одағының тарихы туралы ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең үлкен ұлттардың мәдени әртүрлілігін паш етті.
  • Қонжықтар биі – мерекенің жас қатысушылары олимпиадалық Мишка киімімен ХХІІ олимпиада ойындарының салтанатты ашылуында өнер көрсетті.
  • Мәскеудегі олимпиаданың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан еріктілердің үйлесімді іс-әрекеттері арнайы эффектілер арқылы фантастикалық машина жұмысы ретінде керемет әсер қалдырды.
  • Олимпиада–80 қонақтарын КСРО-ның он бес республикасының өкілдері қарсы алды.
  • Ежелгі храм аясындағы Мәскеуде өткен XXII олимпиада ойындарының алауы. Гера ғибадатханасының ескі баспалдақтарының басқыштарында Олимпия алауы 1980 жылдың 19 маусымында жағылды. Ал оны Мәскеуге спортшылар алып келді.
  • Мәскеудегі XXII жазғы олимпиада ойындарының ашылуы кезінде мерекелік шеруге қатысушылардың спорттық келбеттері мен түрлі-түсті жалау ұстап нық басқан қадамдары көрермендерге айрықша әсер сыйлады.
  • Лужники стадионындағы XXII Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында олимпиада отаны – ежелгі Грекияға тағзым ретінде, тога мен хитон киген кейіпкерлері бар күйме көрермендерді жағалай жүріп өтті.
© Sputnik / Vladimir Vyatkin
Лужники стадионында XXII олимпиада ойындарының ашылу салтанатында спортшылар өнерінің арқасында жарқын әрі есте қаларлықтай жағдайда өтті.

Мәскеу олимпиадасының салтанатты ашылуы – спортшылар жасаған фантастикалық пирамида мен рухты оятып, жігерді жанитын әнұранымен таңғажайып жағдайда өтті

Қырық жыл бұрын Мәскеу олимпиадасының тұмарына айналған – сүйкімді қонжық Миша – жер шарына кеңінен таныла түсті.

Оның төсбелгілер мен плакаттарда, кинотеатрлар мен телеэкрандарғы күлімсіреген бейнесі олимпиадалық қозғалыстың негізгі ұстанымы – ізгілік пен өзара көмектің және адал бәсекенің белгісіндей болып көрінді.

Мәскеудегі олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Лужники ашық стадионындағы арнайы трибунада еріктілер мыңдаған түрлі түсті элементтерден қонжық бейнесі – "жанды" суретті қолмен жасады.

Ал стадионның орталық алаңында жүздеген спортшы мен гимнаст, биші, музыканттар сол кездері адам денесі арқылы жасау мүмкін еместей көрінетін ғажайып өнерімен көрермендерді таң қалдырды.

Мәскеу олимпиадасының ашылуы салтанаты қалай өткенін суреттерден тамашалаңыз.

Кілт сөздер:
фото
Загрузка...

  • Сұлтан Омар Әлі Сайфуддин мешіті
    Последнее обновление: 14:50 03.08.2020
    14:50 03.08.2020

    Әлемге әйгілі әсем мешіттер – фото

    Sputnik Қазақстан әлемнің түрлі елдерінде бой көтеріп, әсемдігімен таң қалдырған мешіттердің фотосуреттер топтамасын ұсынады

    151
    12
  • Портрет. Біздің уақыттың қаһарманы. Суреттер сериясы номинациясы бойынша енген ирандық фотосуретші Shiva Khademi-дің Түстерді сүйетін әйел туындысы
    Последнее обновление: 13:14 07.07.2020
    13:14 07.07.2020

    Андрей Стенин атындағы конкурсқа ұсынылған үздік суреттер

    Sputnik фототаспасынан Андрей Стенин атындағы фотожурналистика байқауына қатысушылардың үздік суреттерін тамашалаңыз. Фотобайқауға ұсынылған тамаша туындылар сізді таңғалдырады деген сенімдеміз

    242
    16
  • Жеңіс парадына Қазақстанның барлық құрамасы арасынан подполковник Ұлан Нұрғазиев бастаған 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасы қатысты
    Последнее обновление: 21:36 24.06.2020
    21:36 24.06.2020

    Жеңістің 75 жылдығына арналған парад қалай өтті – фото

    Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толуына орай Қызыл алаңда мерейтойға арналған парад өтті. Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына 14 мыңнан астам әскери қызметші қатысты, сонымен қатар екі жүзден астам әскери техника, 75 ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылды

    470
    20
  • Түтін, шаң, лас ауа. Бұл мегаполис тұрғындарына таныс жағдай. Тайланд астанасы Бангкоктағы күн сәулесі түтін арасынан көрінеді
    Последнее обновление: 16:25 15.06.2020
    16:25 15.06.2020

    Адамдар ғаламшарды қалай "өлтіріп" жатыр – жаға ұстатарлық 15 фото

    Жер шарына коронавирус індетінің айтарлықтай пайдасы тигенін атап өтпеске болмас. Ауру әлемде тарап, жағдай күйіп тұрған кезде көптеген ел өнеркәсіп өндірісін төмендетуге мәжбүр болды. Ал ғаламшар бір сәт демалып қалды. Фотоларды қарасаңыз, бәрін бірден түсінесіз!

    2172
    15

Басты тақырып