Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Көксеңгір аспан – құз жартас: тау басындағы көлдердің таңғажайып суреттері

Жазылу
Карантиндік шектеу енгізілген жаздың соңғы айындағы жаңбырлы күндер мен қапырық ыстық адам иммунитетін қалпына келтіруді қажет етеді. Осы мақсатта әлемнің ең әдемі жерлерінен түсірілген құпияға толы таңғажайып табиғатқа бір сәт көз салсаңыз тамаша әсерге бөленесіз

Sputnik Қазақстан әлемнің биік нүктелерінде орналасқан тау көлдерінің жағасында серуендеуді ұсынады.

Тянь-Шань мен Гималайдан бастап Патагонияға дейін, жанартау кратерлері мен мұздықтар арасындағы алқаптарға дейін ­­–­ әр континентте, әлемнің әр түкпіріндегі қорықтарда табиғаттың тылсым сырға толы – таңғажайып тау көлдері бар.

Ол жердегі судың түсі қандай болса да, ыстық күнде мөлдір әрі салқын қалпын сақтайды. Ал сарқырамалар мен толқындардың әуезді үні ешкімді де бей-жай қалдырмайды.

© Sputnik / Анатолий УстиненкоБұл Алматыдан шығысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан Іле Алатауы шатқалындағы Есік көлі. Геологтардың айтуынша, шамамен 8-10 мың жыл бұрын теңіз деңгейінен 1714,5 метр биіктікте 300 метрлік жартастың құлауы нәтижесінде пайда болған табиғи бөгет.
На озере Иссык - Sputnik Қазақстан
1/11
Бұл Алматыдан шығысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан Іле Алатауы шатқалындағы Есік көлі. Геологтардың айтуынша, шамамен 8-10 мың жыл бұрын теңіз деңгейінен 1714,5 метр биіктікте 300 метрлік жартастың құлауы нәтижесінде пайда болған табиғи бөгет.
© Depositphotos.com / KefirmТуристік бағыттағы әйгілі орындардың бірі – Күнгей Алатау шатқалындағы Қайыңды көлі. Жаздың өзінде бұл көлдегі судың температурасы 6 градусты құрайды. Соған қарамастан суда жүзетін әуесқой спортшылар үшін таптырмас орын. Көл 1911 жылдың қаңтарында жойқын Кемин жер сілкінісі нәтижесінде пайда болды. Катаклизм кесірінен көл ортасындағы қылқан жапырақты орман мүлде жойылып кетпей, керісінше ерекше ландшафт қалыптастырды.
Озеро Каинды в ущелий Кунгей Алатау, Казахстан - Sputnik Қазақстан
2/11
Туристік бағыттағы әйгілі орындардың бірі – Күнгей Алатау шатқалындағы Қайыңды көлі. Жаздың өзінде бұл көлдегі судың температурасы 6 градусты құрайды. Соған қарамастан суда жүзетін әуесқой спортшылар үшін таптырмас орын. Көл 1911 жылдың қаңтарында жойқын Кемин жер сілкінісі нәтижесінде пайда болды. Катаклизм кесірінен көл ортасындағы қылқан жапырақты орман мүлде жойылып кетпей, керісінше ерекше ландшафт қалыптастырды.
© Photo : Roscosmos / Ivan VagnerЫстықкөл – Қырғызстанның інжу-маржаны. Ғарыштан түсірілген бұл сурет Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен қоршалған, тіпті орбитадан қарағанда судың түсі ашық көк екені анық көрінеді. Ыстықкөл – көлемі жағынан әлемдегі ең ірі 30 көлдің бірі, ал тереңдігі жағынан жетінші орында.
Озеро Иссык-Куль и окружающие его хребты Северного Тянь-Шаня, Киргизия - Sputnik Қазақстан
3/11
Ыстықкөл – Қырғызстанның інжу-маржаны. Ғарыштан түсірілген бұл сурет Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен қоршалған, тіпті орбитадан қарағанда судың түсі ашық көк екені анық көрінеді. Ыстықкөл – көлемі жағынан әлемдегі ең ірі 30 көлдің бірі, ал тереңдігі жағынан жетінші орында.
© Sputnik / Vladimir Vyatkin / Медиабанкке өтуТеңіз деңгейінен 434 метр биіктікте орналасқан Телецкое көлі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұралар тізіміне "Алтайдың алтын таулары" кешенді нысандары құрамына енген.
Мыс Кырсай и Южный берег Телецкого озера в Республике Алтай - Sputnik Қазақстан
4/11
Теңіз деңгейінен 434 метр биіктікте орналасқан Телецкое көлі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұралар тізіміне "Алтайдың алтын таулары" кешенді нысандары құрамына енген.
CC BY 2.0 / Michael Day / Индонезияның Флорес аралындағы Келимуту жанартауы кратеріндегі үш көл жылдар өте келе түсін түрлендірген. Яғни, қара түстен көгілдірге, одан соң қызыл-қоңыр немесе жасылға дейін өзгерген. Жанартаудың батысындағы көл Тиву-Ата-Мбупу (қарттар көлі) деп аталады. Қалған екеуі Тиву-Нуа-Мури-Коох-Таи (ұл мен қыз көлі) және Тиву-Ата-Поло (сиқырланған көл) деп те аталады.
Вулкан Келимуту на индонезийском острове Флорес - Sputnik Қазақстан
5/11
Индонезияның Флорес аралындағы Келимуту жанартауы кратеріндегі үш көл жылдар өте келе түсін түрлендірген. Яғни, қара түстен көгілдірге, одан соң қызыл-қоңыр немесе жасылға дейін өзгерген. Жанартаудың батысындағы көл Тиву-Ата-Мбупу (қарттар көлі) деп аталады. Қалған екеуі Тиву-Нуа-Мури-Коох-Таи (ұл мен қыз көлі) және Тиву-Ата-Поло (сиқырланған көл) деп те аталады.
CC BY 2.0 / Pablo BM / Хорватиядағы "Плитвице көлдері" ұлттық паркінің аумағына 16 тоғанды көл орналасқан. Сондай-ақ, оның құрамына 140 сарқырама мен 20 үңгір және ежелгі дәуірден бері сақталып келе жатқан әрі өз-өзінен қалпына келу мүмкіндігіне ие ерекше бук және қылқан жапырақты орман кіреді. Плитвице көлдері ұлттық парк мәртебесін 1949 жылы алды.
Вид на хорватские Плитвицкие озера - Sputnik Қазақстан
6/11
Хорватиядағы "Плитвице көлдері" ұлттық паркінің аумағына 16 тоғанды көл орналасқан. Сондай-ақ, оның құрамына 140 сарқырама мен 20 үңгір және ежелгі дәуірден бері сақталып келе жатқан әрі өз-өзінен қалпына келу мүмкіндігіне ие ерекше бук және қылқан жапырақты орман кіреді. Плитвице көлдері ұлттық парк мәртебесін 1949 жылы алды.
CC BY-SA 2.0 / ER Bauer / Көлдің орналасуы қасқыр сұлбасына ұқсай ма?!. Бұл Канададағы Банф ұлттық паркіндегі Пейто көлі. 1 860 метр биіктіктегі табиғи ғажайыпты алғаш ашқан зерттеуші-саяхатшы Билл Пейтоның құрметіне көлдің атауы осылай қойылған. Көлді қоршап тұрған мұздықтардың химиялық құрамына байланысты көл суының ақшыл-көгілдір түсі "тропикалық" деп аталады.
Вид на озеро Пейто в национальном парке Банф в Канаде - Sputnik Қазақстан
7/11
Көлдің орналасуы қасқыр сұлбасына ұқсай ма?!. Бұл Канададағы Банф ұлттық паркіндегі Пейто көлі. 1 860 метр биіктіктегі табиғи ғажайыпты алғаш ашқан зерттеуші-саяхатшы Билл Пейтоның құрметіне көлдің атауы осылай қойылған. Көлді қоршап тұрған мұздықтардың химиялық құрамына байланысты көл суының ақшыл-көгілдір түсі "тропикалық" деп аталады.
CC BY-SA 2.0 / Liam Quinn / Чилидің Патагониялық Анд аумағындағы Торрес-дель-Пайн ұлттық саябағында орналасқан Пеоэ көлінің көлемі 22 шаршы шақырымды құрайды. Бұл Пейн өзенімен өзара байланысқан көлдер жүйесінің бір бөлігі.
Озеро Пеоэ в национальном парке Торрес-дель-Пайне в Чили - Sputnik Қазақстан
8/11
Чилидің Патагониялық Анд аумағындағы Торрес-дель-Пайн ұлттық саябағында орналасқан Пеоэ көлінің көлемі 22 шаршы шақырымды құрайды. Бұл Пейн өзенімен өзара байланысқан көлдер жүйесінің бір бөлігі.
CC BY-SA 4.0 / Solundir / Lake Tilicho panorama (cropped photo)Тиличо – Непалдағы таулы аймақтағы көл. Ол Гималайдың орталық бөлігіндегі шыңның солтүстік беткейінде теңіз деңгейінен 4 919 метр биіктікте табиғи тостаған тәрізді тау шатқалында орналасқан.
Озеро Тиличо в Непале - Sputnik Қазақстан
9/11
Тиличо – Непалдағы таулы аймақтағы көл. Ол Гималайдың орталық бөлігіндегі шыңның солтүстік беткейінде теңіз деңгейінен 4 919 метр биіктікте табиғи тостаған тәрізді тау шатқалында орналасқан.
© Photo : Pixabay / 12019АҚШ-тың Сьерра-Невада тау жотасы аумағындағы Тахо көлі. Геологтардың айтуынша, табиғаттың мұндай ғажайып нысаны 2 мен 3 миллионыншы жылдар аралығында пайда болған. Ал оның қазіргі қалпы мұз дәуірінен бері сақталған.
Озеро Тахо в районе горного хребта Сьерра-Невада, США - Sputnik Қазақстан
10/11
АҚШ-тың Сьерра-Невада тау жотасы аумағындағы Тахо көлі. Геологтардың айтуынша, табиғаттың мұндай ғажайып нысаны 2 мен 3 миллионыншы жылдар аралығында пайда болған. Ал оның қазіргі қалпы мұз дәуірінен бері сақталған.
CC BY 2.0 / Michi Hofb. / Grüner SeeАвстрияның Штирия федералды штатындағы Грюнер-Зе көлі де туристр үшін өте қызықты. Өйткені, оның тереңдігі қыс мезгілінде екі метрге, ал жаз кезінде Альпідегі қардың еруіне байланысты он екі метрге дейін көтеріледі.
Озеро Грюнер-Зе в австрийской федеральной земле Штирии - Sputnik Қазақстан
11/11
Австрияның Штирия федералды штатындағы Грюнер-Зе көлі де туристр үшін өте қызықты. Өйткені, оның тереңдігі қыс мезгілінде екі метрге, ал жаз кезінде Альпідегі қардың еруіне байланысты он екі метрге дейін көтеріледі.
Жаңалықтар
0