22:04 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Соғыс ардагері Раиса Сафоничева

"Келін тамақ істемей қойды": қарттар үйіндегі ардагер ананың әңгімесі

© Sputnik / Abzal KALIYEV
Жеңіске тағзым
Қысқа сілтеме алу
2881 0 0

Раиса Сафоничеваның бір қызы астанада тұрады, жасы 73-ке келген. Ал 70 жастағы екінші қызы Ресейге көшіп кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik, Арман Асқар. Раиса Сафоничева соғыстан кейін тұрмысқа шығып, біраз қиыншылық көрді. Содан жаңа өмір бастаймын деп, Ресейден қазақ жеріне көшіп келді. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген ардагер өзінің өмірлік жолын және қарттар үйіне қалай түскенін айтып берді.

"8 литр қан тапсырғанмын"

Раиса Сафоничева 1925 жылы Ресейдің Нижний Новогород қаласында дүниеге келген. Тура сол жылы Иосиф Сталин билікке келген болатын. Раиса қарапайым жұмысшылардың отбасынан шықты. Ал 16 жасқа келгенде соғыс басталып кетті. Жас қыз алдымен әскери зауытқа барып, жұмыс істеді. Ол жерде зеңбіректер мен снарядтарды бояды.

"Зауытта істеп жүріп, госпитальдарға қан тапсырдық. Өйткені майданда жарақат алғандар көп болды. Соларға қан жинайтын. Әлі есімде, екі жылдың ішінде мен 8 литрден астам (норма бойынша әйел адамдарға бір жылда 2 литрден артық қан тапсыруға болмайды – Sputnik Қазақстан) қан тапсырғанмын. Ол кезде барған сайын 500 грамнан тапсырасың. Шынымды айтсам, ауыр болды. Бірақ жас болдық қой. Бәріміз жеңіске жетуді армандадық", - деп еске алды Сафоничева.

"Ләм-мим демей, соғысқа аттандық"

Ардагер ана Сталиннің халыққа жолдаған үндеуін де ұмытпапты. Сол кезде генералиссимус майдандағы жағдайдың қиындағанын жеткізіп, барлық комсомолды соғысқа аттануға шақырады.

"Ләм-мим демедік, бірден әскери комиссариатқа барып, өтініш жаздық. Сөйтіп, мен Мәскеуде бір жарым айлық дайындық курсына қатыстым да, соғысқа аттандым. Екінші украин майданында байланысшы болып әскери қызмет атқардым", - дейді Сафоничева.

Раисаның майдандағы лақап аты "Түймедақ" болды. Ол әскери құрылымдардың орналасқан жерін, жарақат алғандардың санын және тағы басқа мәліметтерді жеткізіп, әскери іс-қимылды реттеп отыруға көмектесті. Жарақат алған әскерилерді де тасыды.

"Мысалы, майдан басқа жаққа ығысады, ал бұрынғы жерде жарақат алған сарбаздар жатады. Біз оларды арқамызға асып, әскери госпитальға тасимыз. Рациямыз бар. Оны кез келген ыңғайлы жерге қойып, байланысқа шығамыз. Бір рет снайпер атып кете жаздады. Рация арқылы сөйлескенде немістің акцентін естісек, бірден байланысты доғаратынбыз. Олар біздің толқынымызға шығады да, ананы-мынаны сұрайды", - дейді Сафоничева.

"Аяқ-қолым сал болып қалды"

1946 жылы 21 жастағы Раиса демобилизациядан өтіп, үйіне – Нижний Новгородқа қайтып оралады. Соғысқа барып келген бір жігітпен танысып, көп ұзамай, оған тұрмысқа шығады. Жолдасы екеуі Тула қаласында тұрған. Сол жерде екі қызы дүниеге келеді. Раисаның өзі өте белсенді болды. Партияның мүшесі, кеңес депутаты, халықтың атынан сотта мәслихатшы қызметін атқарады. Бірақ күйеуіне оның бәрі ұнаған жоқ.

Раиса Сафоничева Екінші украин майданында байланысшы болды
© Sputnik / Abzal KALIYEV
Раиса Сафоничева Екінші украин майданында байланысшы болды

"Күйеуім қатты қызғаншақ болды. Мені ылғи режітетін, ұратын. Жүйкем жұқарды. Ал бірнеше жылдан кейін қол-аяғым сал болып қалды, қозғалмай кетті ғой. Үлкен қызым маған қарады, тамақ беріп, менен кейін бәрін жинап жүрді. Осыдан оңалып кетсем, күйеуімді тастаймын деп, құдайға жалбарындым. Сонда жазылып кеттім ғой. Бәрін алдым да, кетіп қалдым", - дейді Сафоничева.

Екі жылдан кейін күйеуі келіп, қайта қосылуды сұрайды. Бірақ Раиса құдайға сөз бердім деп, оның ұсынысына келіспеді. Целиноградқа тың игеруге бір-ақ тартты.

"Қыздарымды өзімен бірге алып кеттім. Өзім тәрбие бердім, өзім оқыттым, көтердім. Осы жерде екеуі де тұрмысқа шықты. Қазір бір қызым астанада тұрады. Жасы 73-ке келді. Ал 70 жастағы екінші қызым Ресейге көшіп кеткен", - деп атап көрсетті ардагер ана.

"Келіннің қылығын немереме айтпадым"

Раиса екінші рет тұрмысқа шықпады. 75 жасқа келгенде ардагерлер кеңесінде ішкі органдарының полковнигімен танысып, бірге тұруға уағдаласқан. Ол кісі де соғысқа барып келген еді. Сөйтіп, онымен 16 жыл тұрып, осыдан үш жыл бұрын ақтық сапарға шығарып салды.

Тағы оқыңыз: Келінінен ауыр сөз естіген қария жантүршігерлік қылмысқа барды

"Екеуміз ардагерлер кеңесінде бірге жұмыс істедік. Ол жасымыз келсе де, бірге тұрайық, таңғы шәйді бірге ішейік деп, маған ұсыныс жасады. Денсаулығым нашар деді. Мен келістім, оны күтіп жүрдім. Өте ақылды, жуас кісі еді. Ешкімді ренжітпейтін. Соғыста жарақат алғаннан кейін ауырып жүрді", - дейді Сафоничева.

Қарт ана өз үйін немересіне сыйлайды. Өзі сол үйдің бір бөлмесінде тұрады. Бірақ келін келгесін қарттар үйіне көшуге мәжбүр болады.

"Мен жатын бөлмеде тұрдым. Олар залда жатты. Бір күні келін бала маған тамақ істемей қойды. Ал мен үшін таңғы тамақ жасалса болды, тойып жеп аламын да, жүре беремін. Мен оларға ай сайын зейнетақыдан 30 мың теңге беріп тұрдым. Ақшаны қосып, 60 мыңнан берейін дедім. Оған да келіспеді. Амал жоқ, қарттар үйіне көштім", - дейді Раиса әже.

Қарт ана алғашқыда үйді сағынып жүрді. Бертін келе, қарттар үйіне де үйренеді. Тамағы да жақсы дейді, ешкімді аш қалдырмайды. Ал "Келіннің қылығын немереңізге айтып көрмедіңіз бе?" деген сұраққа:

"Ол үндемейді. Оған әйел керек қой. Әжесін қайтеді. Бірақ кеше келіп кетті. Маған балық қуырып алып келді. Келін бала да болды. Көзқарасы дұрыс сияқты. Мен де өткен-кеткенді еске алмаймын. Оны қайтемін. Зейнетақыдан ақша беріп тұрамын. Бірақ олар үйге шақырып жатқан жоқ. Мен баратын едім...", - деп жауап берді.

Тақырып бойынша

"Сталин қос бұрымыма мақтау айтты": Роза Бағланова туралы не білеміз - фото
Әйелінің соңынан кеткен: түркістандық кейуана 28 жыл көрмеген ұлымен жылап қауышты
Қазаққа тұрмысқа шығып, намаз оқитын орыс қызы өмірі қалай өзгергенін айтты - фото
Алматы облысында келін енесін соққыға жығып, үйден қуып шыққан
"Маған оны көрсетпеңдер дедім": Гүлзира Айдарбекова келіні туралы сұраққа жауап берді
Кілт сөздер:
келін, соғыс ардагері, қарттар үйі
Загрузка...

Басты тақырып