19:20 25 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.46
  • EUR451.35
  • RUB5.77
Жеңіске тағзым
Қысқа сілтеме алу
163 0 0

Ресей халқы заман талап еткен жағдайда жанын аямауға дағдыланып кеткен, деп атап өтті Владимир Путин

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин майданға өз еркімен аттанған әкесі туралы естеліктерді бөлісті.

Ресей басшысының әкесі Владимир Спиридонович Путин әскери қызметке шақырудан босатылғанына қарамастан, соғысқа аттанған.

"Шынында да, әкемнің қолында бронь деп аталатын құжат болғанына қарамастан, майданға өз еркімен аттанды, яғни оны әскерге шақырмады. Ұлы Отан соғысы басталған кезде, оған тылда жұмыс істеуге болатын еді, бірақ ол өз еркімен кетті", - деді Путин "МИР" телеарнасына берген сқхбатында.  

Ол 31 жастағы әкесі үшін бұл саналы таңдау болғанын атап өтті. Соғыс жылдарында миллиондаған кеңес азаматы осылай істеді, деді Владимир Путин.  

"Ол сол миллиондардың ішінде болды. Отанға деген сүйіспеншілік адамдарды алға жетеледі. Отбасын, жақындары мен Отанын қорғау қажеттілігі туындады. Әрине, біз ата-бабаларымыз – әкелеріміз, аналарымыз, аталарымыз бен әжелеріміздің іс-әрекетін әрдайым есте ұстауымыз керек. Олардың Отанға, Атамекенге, әсіресе оған қауіп төнген жағдайда, қалай қарағанын әрқашан басшылыққа алған жөн. Осы мирасқа сүйене отырып, өз мінез-құлқымызды қалыптастыруымыз керек" - деп толықтырды президент.  

Оқи отрыңыз: Тараздықтар соғыс ардагерлерін ерекше құттықтады – видео 

Ресей басшысы "әкеңіздің орнында болсаңыз, не істер едіңіз?" деген сұраққа жауап бере отырып, мемлекеттік қауіпсіздік және сыртқы барлау органдарындағы жұмысы туралы естеліктерді бөлісті.

"Менің алғашқы жұмыс орным Ленинград мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін мемлекеттік қауіпсіздік органдары болды. Тез арада сыртқы барлау қызметіне орналастым. Негізінен заңсыз барлау саласында жұмыс істедім. Бізді онда Отанға деген адалдық рухында тәрбиеледі. Әкелеріміз бен аталарымыз бастан кешкен сұрапыл соғысты құдай басқа салмасын", - деді Путин.

Қазіргі ұрпақ туралы айта келе, ол Ауғанстандағы әскери қызметкерлердің, жаппай ерлік көрсеткен Псков дивизиясының десанттарын еске алды.

"Сондықтан егер заман талап етсе, жанын аямау – Ресей халқының қанында бар қасиет деп ойлаймын", - деді ол.

Владимир Спиридонович Путин 1911 жылы Тверь облысындағы Калинин ауданының Поминово ауылында дүниеге келген. Сүңгуір қайықтар флотында қызмет етті, Ұлы Отан соғысына қатысты.

 1941 жылдың маусым айынан бастап – Қызыл армияның 86-дивизиясының 330-атқыштар полкінің жауынгері. 1941 жылы 17 қарашада аяғынан ауыр жарақат алған.  

"Әскери қызметі үшін", "Ленинградты қорғағаны үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен, сондай-ақ І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. 1999 жылы 2 тамызда қайтыс болды.

Тақырып бойынша

Қазақстандықтар карантин кезінде Отан қорғаушы күнін қалай атап өтеді
"Мақтан тұтамын": Даниал Ахметов соғысқа қатысқан әкесі туралы айтып берді 
Карантин кезінде ардагерлерді Жеңіс күнімен қалай құттықтайды
Нұр-Сұлтандағы үйдің қабырғасында Бауыржан Момышұлының суреті пайда болады
Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Кілт сөздер:
Ұлы Отан соғысы ардагері, Владимир Путин
Загрузка...

Басты тақырып