"Мәңгілік полк" онлайн-шеруі 20 млн рет тамашаланды

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуМужчина смотрит онлайн-трансляцию акции "Бессмертный полк"
Мужчина смотрит онлайн-трансляцию акции Бессмертный полк - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жобаға барлығы 3 миллионға жуық өтініш тапсырылды. Тарихшы-модераторлар анкеталарды әлі де өңдеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр — Sputnik. "Мәңгілік полк" онлайн-шеруінің трансляциясы 20 млн рет қаралды. Ұйымдастырушылар шеруді тамашалағандар саны артып келе жатқанын хабарлады. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпағы "Мәңгілік полк" онлайн-шеруіне аталарының суреті мен ол туралы ақпарат жібереді, кейін фотоның экранға шыққанын күтеді.

"Жобаға барлығы 3 миллионға жуық өтініш тапсырылды. Тарихшы-модераторлар анкеталарды әлі де өңдеп жатыр. Кейбір анкета толықтыру үшін тұрғындарға қайтарылды", - деді акция ұйымдастырушылары.

Онлайн-шеру www.polkrf.ru сайтында және Халықаралық Мәңгілік полктың www.polk.press сайтында, сондай-ақ, ВКонтакте, Одноклассники әлеуметтік желілері мен "Okko" онлайн-кинотеатрында көрсетіледі. Ол жобаға қатысуға тапсырылған соңғы өтінішке дейін көрсетілетін болады.

Қатысушыларға аталарының суреті қай уақытта көрсетілетіні туралы хабарлама жолданады.

Жоба серіктестері Сбербанк пен Mail.ru Group. Басты ақпарат серіктесі -  "Аргументы и факты" баспа үйі, таяу шетелдегі ресми ақпараттық серіктесі - Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі.

Жаңалықтар
0