16:54 18 Қазан 2017
Тікелей эфир
Аскар Мамин. Архивное фото

Асқар Мамин ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

АО "НК"КТЖ"
Саясат
Қысқа сілтеме алу
81 0 0

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының президенті Асқар Мамин ҚР премьер-министрі бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Астана, 9 қыр – Sputnik. Асқар Мамин ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды деп хабарланады Ақорданың сайтында.

"Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын",-делінген тиісті жарықтың мәтінінде.

Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы туған.Целиноград инженер құрылысы институтын, Г.Б. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша бітірген.

1996-2008 жж. аралығында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Көлік және коммуникация вице-министрі, Индустрия және сауда бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі, Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2008 жылғы сәуірден бүгінгі күнге дейін "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының президенті болып келді.

Басты тақырыптар