Саясат

Ресей премьері Сағынтаевты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады

© Sputnik / Александр Астафьев / Медиабанкке өтуПремьер-министр РФ Д. Медведев. Архивное фото
Премьер-министр РФ Д. Медведев. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев әріптесі Бақытжан Сағынтаевты Қазақстан премьер-министрі лауазхымына тағайындалуымен құттықтады деп хабарлайды РФ үкіметінің баспасөз қызметінен.
АСТАНА, 14 қыр — Sputnik. Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев әріптесі Бақытжан Сағынтаевты Қазақстан премьер-министрі лауазхымына тағайындалуымен құттықтады деп хабарлайды РФ үкіметінің баспасөз қызметінен.

Бұдан бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы етіп тағайындап, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев үкімет басшысы болып тағайындалды.
Қазақстан үкіметі мүшелерінің көбі премьер-министр ауысқан соң өз орындарында қалды.

"Ресейде Сізді көпжоспарлы ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықты дамытуды жақтаушы ретінде жақсы біледі. Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары ретінде сіз экономикалық және гуманитарлық салаларда бірлескен ірі жобаларды іске асыруға тікелей қатыстыңыз, Еуразиялық экономикалық одақ аясында интеграциялық процестерді тереңдетуге үлкен қостыңыз. Сіз ресейлік әріптестер арасында зор беделге иесіз.  Мен жинаған тәжірибеңіз сізге жаңа жоғары лауазымыңызда тиімді жұмыс істеуге көмектеседі деп сенемін", — делінген құттықтауда.
Жаңалықтар
0