20:45 26 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Экс-президент Киргизии Аскар Акаев. Архивное фото

Ақаев: терроризммен күрес АҚШ үшін Орталық Азияға кіруге желеу болған

© Sputnik / Сергей Пятаков
Саясат
Қысқа сілтеме алу
335 0 0

Халықаралық терроризммен күрес және Ауғанстанда жүргізілген "Мызғымас бостандық" операциясы АҚШ үшін Орталық Азияның стратегиялық маңызды аймағына кіруге желеу ғана болған, деп санайды Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев.

АСТАНА, 15 қыр – Sputnik. Халықаралық терроризммен күрес және Ауғанстанда жүргізілген "Мызғымас бостандық" операциясы АҚШ үшін Орталық Азияның стратегиялық маңызды аймағына кіруге желеу ғана болған, деп санайды Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев.

АҚШ  2001 жылы жүргізілген Ауғанстандағы операциядан бұрын Қырғызстан мен Өзбекстанда әскери базалар құрған.

2001 жылы президент Путин де, Орталық Азия елдерінің жетекшілері де, әлем басшыларының көпшілігі – Буштың халықаралық лаңкестікке қарсы коалиция құру жоспарын қолдады. Өйткені бүкіл әлемде сол теракт туралы әсер қатты болатын… Бірақ кейіннен адамдар америкалықтардың мақсаттары көп екендігін, барлық жерде халықаралық лаңкестерді жоюды көздеп отырмағандықтарын көрді. Ал әлемнің белгілі бір жерлерінде керісінше өздерінің геосаяси мақсаттарын шешу үшін күшейткен», — деп мәлім етті Ақаев РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.

Оның пікірінше, америкалықтар бірмезетте бірнеше мақсатты ойластырған. Лаңкестікпен күрестен бөтен АҚШ Орталық Азияның стратегиялық маңызды аймағында орнығып қалмақ болған.

"АҚШ өздерін әлемнің барлық елдері мен бүкіл құрлықта көрші сезінеді. Олардың барлығы Американың мүддесіне кіреді. Олардың міндеті жағдайды бақылау. Бұл мақсат айқын – Орталық Азия аймағын бақылауға алу", — дейді Ақаев.

Атап айтқанда, АҚШ Қырғызстан базасынан Ресей, Қытай және Үндістанға қатысты барлау қызметін жүргізбек болған.

Басты тақырыптар