08:13 18 Қазан 2017
Тікелей эфир
Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева сенаттың қорғаныс жөніндегі комитет басшысы болып сайланды

© Sputnik / Максим Маслов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
120 0 0

ҚР премьер-министрінің бұрынғы орынбасары, ел президентінің тұңғыш қызы Дариға Назарбаева бірауыздан ҚР Парламенті сенатының (жоғарғы палата) Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне басшы болып сайланды, деп хабарлады Sputnik тілшісі.

АСТАНА, 16 қыр — Sputnik. ҚР премьер-министрінің бұрынғы орынбасары, ел президентінің тұңғыш қызы Дариға Назарбаева бірауыздан ҚР Парламенті сенатының  (жоғарғы палата) Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне басшы болып сайланды, деп хабарлады Sputnik тілшісі.

Отырыс барысында сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасын сайлау туралы мәселені талқыға салды.

"Парламент сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің тұрақты төрайымы ретінде Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваны ұсынамын", — деді ол.

Отырысқа қатысқан депутаттар бірауыздан Назарбаеваны қолдап дауыс берді.

"Дариға Нұрсұлтанқызы, комитет төрайымы ретінде сенаттың жұмысына жаңа серпін бересіз деп бәріміз сенеміз", — деді Тоқаев.

Басты тақырыптар