Саясат

Назарбаев галстуксыз:Қазақстан басшысының бойында қандай таланттар бар

© Photo : Официальный сайт президента РКПрезидент Казахстана Нурсултан Назарбаев играет на домбре
Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев играет на домбре - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда дәстүрлі музыка орталығына барғанда домбыра тартып берді. Sputnik Қазақстан басшысының бойында қандай таланттар бар екенін еске алуды ұсынады.

АСТАНА 19 қыр — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда дәстүрлі музыка орталығына барғанда домбыра тартып берді. Sputnik Қазақстан басшысының бойында қандай таланттар бар екенін еске алуды ұсынады.

Музыка

Музыка президент өмірінің  "маңызды бөлігі", бос уақытта Назарбаев домбыра тартады және ән салады. Қазақстан президентінің ресми сайтында мемлекет басшысының ата-анасы да ән айтуды жақсы көргені айтылған.

Президент Қазақстанның қазіргі әнұраны мәтінінің авторларының бірі. Сондай-ақ, бірнеше әннің авторы. Мысалы, "Шұбарат" әніне мәтінді 1973 жылы Теміртауда жұмыс кезінде шығарған. Туынды туған жерге деген махаббатты баяндайды.

Назарбаев туған өңірлер айтылатын "Жерім менің" патриоттық әніне сөз жазды, ән негізінен мерекелік концерттерде, жоғары деңгейдегі ресми рәсімдерде орындалады. Туындыға музыканы  сазгер,  қазіргі депутат Бекболат Тілеухан жазды. Назарбаев және Тілеухан сонымен қатар "Елім менің" әнінің авторлары болып табылады.

Бұдан басқа, мемлекет басшысы  "Үшқоңыр" әніне сөз жазды, музыкасын сазгер, халық әртісі Алтынбек Қоразбаев шығарды. Туынды туған жерге махаббатты жырлайды. Белгілі болғандай, Алматы облысындағы Үшқоңыр жері Назарбаевтың туған жері.

Президенттің сыныптастарының бірі Сайлаубек Қыдырәлиев өз естелігінде болашақ мемлекет басшысы жас кезінде "ғажап билегенін" және баянда ойнай білгенін айтып берді.  Музыкалық таланты президенттің ұрпақтарына да дарыған. Мысалы,  президенттің үлкен қызы, сенат депутаты Дариға Назарбаева бұрындары Қазақстанның және шетелдің концерттік сахналарында  белсенді өнер көрсеткен.  Дариға Назарбаеваның қызы – Венера Назарбаева –"Алма-Ата –менің алғашқы махаббатым" музыкалық фестивалінде ән айтты.

Спорт

Назарбаевтың белгілі әуесқой спорт түрі теннис, гольф және тау шаңғысы. Өзінің мойындауынша, президент тау шаңғысын алғаш рет 55 жасында теуіп көрген екен.

 

1980 жылдан бері президентпен таныс Ұлттық олимпиада комитетінің бұрынғы вице-президенті Павел Новиков БАҚ-қа айтып бергендей, Назарбаев волейбол, футбол ойнайды, жүзіп біледі,  стендтік атумен әуестенеді. Сонымен қатар, ол атпен жүруді жақсы көрген, Днепродзержинск училищесінің студенті бола жүріп, күреспен табанды айналысқан. Новиков атап айтқандай, 1995 жылы альпиниадта президент тоғыз сағат бойы тауға өрмелеген.

 

2015 жылғы күзде Ақорданың баспасөз қызметі 2013 жылғы архивтен бейнежазба таратты,  онда мемлекет басшысы жаттығу залында спортпен шұғылданып жатқаны көрсетіледі.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекет басшысы сурет өнерін жақсы көретінін және "өз де суретті жақсы салатынын"айтып берді.

"Менің ойымша,  уақыт өте келе біз оның жеке жұмыстарының көрмесін өткізуге көндіреміз деп ойлаймын. Сіздерге айтайын, бұл жұмыстар өте қызықты", — деді министр журналистерге 2014 жылғы күзде көрменің ашылуында. 

Сондай-ақ,  президент көптеген мақалалар мен кітаптардың авторы.

 

 

 

Жаңалықтар
0