05:47 20 Қазан 2017
Тікелей эфир
Подполковник Асқар Қожагалиев

Алғаш рет қазақстандық әскери қызметші БҰҰ әскери бақылаушылары базасының командирі атанды

© Foto: Пресс-служба Министерства обороны РК
Саясат
Қысқа сілтеме алу
7310

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде алғаш рет Батыс Сахарадағы (MINURSO) БҰҰ миссиясындағы ҚР ҚК-нің әскери бақылаушысы подполковник Асқар Қожағалиев MINURSO қолбасшысының бұйрығымен Аусард миссиясында БҰҰ әскери бақылаушыларының база командирі болып тағайындалды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

АСТАНА, 20 қыр — Sputnik. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде алғаш рет Батыс Сахарадағы (MINURSO) БҰҰ миссиясындағы ҚР ҚК-нің әскери бақылаушысы  подполковник Асқар Қожағалиев  MINURSO қолбасшысының бұйрығымен Аусард миссиясында БҰҰ әскери бақылаушыларының база командирі болып тағайындалды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Батыс Сахарадағы БҰҰ-ның миссиясы Асқар Қожагалиев
© Foto: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Батыс Сахарадағы БҰҰ-ның миссиясы Асқар Қожагалиев


Аусард жауапкершілігінің аймағы 43 000 шаршы шақырымды құрайды және Оум дрегтен кейін аумағы бойынша ауқымдылардың бірі болып табылады. Ол Марокко армиясы Корольдігінің бақылауындағы аумақта тұрған Батыс Сахараның оңтүстік бөлігіндегі Берманың шығыс бөлігінде орналасқан.

Базада әр елден, яғни, Аргентина, Бангладеш, Бразилия, Германия, Гвинея, Мысыр, Йемен, Қытай, Сальвадор, Индонезия, Ирландия, Мексика, Пәкістан, Португалия, Ресей, Франция. жиналған барлығы 45 әскери қызметші бар.

Подполковник Асқар Қожағалиев  миссияға 2015 жылдың 25 қарашасында 12 ай мерзімге жіберілді. Ол ҚР ҚК Әскери академиясының түлегі болып табылады. Қазақстандық бітімгершілік батальонда, Қазақстандық бітімгершілік бригадада, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінде қызмет атқарды.

Батыс Сахарадағы БҰҰ-ның миссиясы Асқар Қожагалиев
© Foto: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Батыс Сахарадағы БҰҰ-ның миссиясы Асқар Қожагалиев

Басты тақырыптар