12:09 27 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Зал заседаний Мажилиса IV созыв

Арнайы кеңес мәжілістегі депутаттық этиканы қадағалайтын болады

© Sputnik / Пресс-служба аппарата Мажилиса
Саясат
Қысқа сілтеме алу
84 0 0

Қазақстан парламентінің мәжілісінде этика әдебінің бұзылуын қадағалайтын депутаттық этика жөніндегі кеңес құрылады, деп хабарлады палата төрағасы Нұрлан Нығматулин.

АСТАНА, 21 қыр — Sputnik. Қазақстан парламентінің мәжілісінде этика әдебінің бұзылуын қадағалайтын депутаттық этика жөніндегі кеңес құрылады, деп хабарлады палата төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Нығматуллиннің айтуынша, кеңес Орталық сайлау комиссиясымен бірге депутаттық этиканы бұзған депутаттарға шара қолданумен айналысады.

"Кеңестің негізгі мақсаты – ОСК-мен бірлесіп, ең алдымен алдын ала шараларын қабылдау", — деді Нығматулин палатаның сәрсенбідегі жалпы отырысында.

Оның құрамына барлық саяси партияның өкілдері және Қазақстан халқы ассамблеясының депутаттар тобы енді. Депутаттар кеңесін Қуаныш Сұлтанов басқарады. Құрамға Сауытбек Әбдрахманов, Құралай Қаракен, Евгений Козлов, Екатерина Никитинская, Шавхат Өтемісов, Тұрғын Сыздықовтар бар.

"Құрметті әріптестер, сіздер көріп отырғандай, депутаттық этика жөніндегі кеңестің құрамына саяси партиялардың мәжілісте бар барлық фракцияларының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері енді. Олардың барлығы үлкен өмірлік және саяси тәжірибесі бар депутаттар", — деді Нығматулин

Басты тақырыптар