04:12 19 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
БҰҰ қатысушы мемлекеттерінің туы

Қазақстан мен АҚШ "бұрын-соңды болмаған жоғары" серіктестік деңгейін атап өтті

© AP Photo / AP Photo / Mary Altaffer, File
Саясат
Қысқа сілтеме алу
54 0 0

Құрама Штаттар Қазақстанның Ауғанстандағы қауіпсіздік пен дамуды қолдауда және Орталық Азиядағы өңірлік экономикалық интеграцияны, соның ішінде "С5+1" форматындағы ықпалдасу арқылы ілгерілеу үдерісінде көрсеткен жетекшілігін қолдайды.

АСТАНА 26 қыр — Sputnik. Қазақстан және АҚШ Стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссиясының бесінші отырысын өткізді, отырыс барысында стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейі және  ықпалдастықтың жаңа салаларын дамыту үшін міндеттелген қарқынды қолдау шешімі атап айтылды делінген тараптардың дүйсенбіде таратылған біріккен мәлімдемесінде.

Құжатқа сәйкес, 20 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри БҰҰ Бас Ассамблеясы 71-сессиясының алаңында Қазақстан-америкалық Стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссиясының бесінші отырысын іске қосу үшін кездесті.

"Қазақстан тәуелсіздігінің және екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнауының 25-жылдығы қарсаңында Қазақстан мен АҚШ екі ел арасындағы бұрын-соңды болмаған тығыз стратегиялық серіктестікті атап өтті. Тараптар түрлі екіжақты және көпжақты алаңдарда ағымдағы екпінді ықпалдастықтың жаңа салаларын дамыту үшін қолдануға міндеттенді",-делінген хабарламада.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған алғаш Орталық Азиялық мемлекет бола тұра, Қазақстан ортақ басымдылықтарды ілгерілеу мақсатында Құрама Штаттармен тығыз ынтымақтастығын одан әрі дамыту ниетін растады.

Құрама Штаттар Қазақстанның Ауғанстандағы қауіпсіздік пен дамуды қолдауда және Орталық Азиядағы өңірлік экономикалық интеграцияны, соның ішінде "С5+1" форматындағы ықпалдасу арқылы ілгерілеу үдерісінде көрсеткен жетекшілігін қолдайды. Қазақстан мен Құрама Штаттар жаппай қырып-жою қаруының таратылуын алдын алуға ортақ ұстамдылығын растады.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев пен Оңтүстік және Орта Азия бойынша АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Н.Бисвал бастаған делегациялар қазақстан-американдық көпжоспарлы қарым-қатынасына, халықаралық және аймақтық сындарға, оның ішінде қауіпсіздік, экономика, қоршаған орта, адам құқықтары мен өзара қызығушылық танытатын басқа да мәселелерге шолу жасады.

Мәлімдемеде айтылғандай, Тараптар терроризм және зорлық экстремизм қауіптеріне қарсы тұруда ынтымақтастықты тереңдетуге міндеттенді.

Тараптар Стратегиялық әріптестік комиссиясының ведомствоаралық отырысын толық құраммен 2017 жылы өткізуді және өзара әрекеттестікті жоғары деңгейде басқа алаңдарда жалғастыруды келісті.

Басты тақырыптар