04:29 19 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
ҚР Сыртқы істер министрлігі

СІМ: Сирия бойынша АҚШ пен РФ ынтымақтастығының тоқтауы қантөгіске әкелуі мүмкін

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
22 0 0

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің пікірінше, Сириядағы ахуалды реттеу бойынша АҚШ пен РФ ынтымақтастығын тоқтату қантөгістің жалғасуына әкеп соғуы мүмкін.

АСТАНА, 5 қаз – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің пікірінше, Сириядағы ахуалды реттеу бойынша АҚШ пен РФ ынтымақтастығын тоқтату қантөгістің жалғасуына әкеп соғуы мүмкін. 

"Қазақтан Республикасының сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттары мен Ресей Федерациясының Сириядағы ахуалды реттеу бойынша ынтымақтастығының тоқтатылғанына байланысты өкініш білдіреді", — делінген ішкі саясат ведомствосының мәлімдемесінде.

"Әлемдік қауымдастықтың негізгі акторлері РФ мен АҚШ арақатынасының алшақтауы бізді қатты алаңдатады. Бұл жағдай бүкіл Таяу Шығыс аумағындағы қақтығыстардың тоқтатылып, тұрақтылықтың қалпына келуіне оң әсерін тигізбейді", — деп айтылған мәлімдемеде. 

Сондай-ақ, ведомствоның айтуынша, Қазақстан РФ мен АҚШ арасындағы сириялық дағдарысты реттеу бойынша Жалпы жоспар құру туралы келісімді қолдаған. 

Дүйсенбі күні мемлекеттік департаменттің төрағасы Джон Кирбидің мәлімдеуінше, Сирияда бейбітшілік орнату туралы Ресей Федерациясымен жасалған екіжақты ынтымақтастықт тоқтатылып, Сирияның әуе кеңістігіндегі қақтығыстарды тоқтату үшін  РФ ӘҒК мен АҚШ ӘӘК арасындағы әскери каналдарды ғана қалдырады. 

РФ Сыртқы істер министрлігінің айтуынша, АҚШ мемлекеттік департаменті төрағасының Сириядағы қақтығыстарды реттеуге байланысты Ресей Федерациясымен бірлескен жұмыстарын қысқарту туралы мәлімдемесінің өкініш туғызбауы мүмкін емес.  Мәскеу АҚШ-тың бұл шешімін Вашингтонда қайта қаралауын сұрайды. 


Басты тақырыптар