Әлем

Назарбаев пен Мирзиеев екі жақты байланыстарды қарқындатуды талқылады

© Photo : Официальный сайт президента РКӨазақстан президенті Н.Назарбаев пен Өзбекстан президентінің уақытшы міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеев
Өазақстан президенті Н.Назарбаев пен Өзбекстан президентінің уақытшы міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеев пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефонмен сөйлесіп, екі жақты байланыстарды қарқындатуды талқылады

АСТАНА, 11 қаз — Sputnik. Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеев пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефонмен сөйлесіп, екі жақты байланыстарды қарқындатуды талқылады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшылары таяудағы жоғары деңгейдегі кездесулер аясында қол жеткізілген отын-энергетикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық, мәдени-гуманитарлық, және өзге салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнідегі келіссөздер барысын талқылады… Өзбекстан мен Қазақстан басшылары өзара мүддені білдіретін барлық саладағы екі жақты байланыстарды қарқындату туралы келісімге қол жеткізілді", — делінген хабарламада.

Өзбекстан баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мирзиеев пен Назарбаев сондай-ақ өңірлік және халықаралық сипаттағы бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты.

Жаңалықтар
0