Саясат

Елбасы Медина қаласындағы Мұхаммед Пайғамбар мешітінде намаз оқыды

© Photo : АкордаҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапармен келді
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапармен келді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сапар аясында мемлкет басшсы бірқатар ресми тұлғалары мен іскер топтары өкілдерімен кездесулер өткізуді жаспарлап отыр.

АСТАНА, 25 қаз  — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапарын Медина қаласынан бастап, Мұхаммед Пайғамбар мешітінде намаз оқыды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі. 

Нұрсұлтан Назарбаев қажылықта жүр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев қажылықта жүр. Мұрағаттық кадрлар

"Медина қаласына келісімен Нұрсұлтан Назарбаев провинция губернаторы Ханзада Фейсал бен Салман Әл Саудпен екіжақты кездесу өткізді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Медина қаласындағы Мұхаммед Пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды, сондай-ақ Масджид ан-Набави мешітінің сәулетімен және интерьерімен танысты", — делінген хабарламада.   

Одан кейін Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Королі Салман бен Әбдел Әл Саудпен келіссөздер нәтижесі бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отырған Эр-Рияд қаласына келді.

Сапар барысында Сауд Арабиясы Корольдігінің тағы бірқатар ресми тұлғалары мен іскер топтары өкілдерімен кездесулер өткізу қарастырылған.  


Жаңалықтар
0