Саясат

Елбасы түрік халқын Республика күнімен құттықтады

© Photo : Официальный сайт президента РКНұрсұлтан Назарбаев және Реджеп Ердоған
Нұрсұлтан Назарбаев және Реджеп Ердоған - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаев Ердоғанмен қазақ-түрік қарым-қатынасының келешегін талқылады

АСТАНА, 3 қар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Ердоғанды Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ бірқатар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.

 

Жаңалықтар
0