21:53 18 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD363.26
  • EUR420.11
  • RUB5.54
СІМ ғимараты

Қазақстан көтерілісші-хусилердің Меккеге қарай зымыран жіберуін сынға алды

© Foto : официальный аккаунт МИД Казахстана в Facebook
Саясат
Қысқа сілтеме алу
9 0 0

Қазақстан Йемендегі көтерілісші-хусилердің Меккеге қарай зымыран жіберуін жауапсыз әрекет деп атады.

АСТАНА, 3 қар — Sputnik. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Йемендегі көтерілісші-хусилердің Меккеге қарай зымыран жіберуіне байланысты мәлімдеме жариялады. Йемендегі араб коалициясының қолбасшылығы 2016 жылғы 27 қазанда Йемендегі көтерілісші-хусилер Меккеге қарай зымыран жібергенін хабарлады. 

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі көтерілісшілердің бұл әрекетін айыптайды. Мекке және Медине жыл сайын миллиондаған қажы, оның ішінде мыңдаған қазақстандықтар құлшылық жасау үшін зиярат ететін қасиетті мекен болып табылады. Бұл көзқарас бойынша мұндай әрекет өркениеттік, жалпы адамзаттық және ізгілік тұрғысынан алғанда мүлдем қолайсыз болып табылады", — делінген сырты саяси ведомствоның хабарламасында. 

Сондай-ақ, мұндай жауапсыз құйтырқы әрекеттер Йемендегі дағдарысты шешуге септігін тигізбейді және қақтығысты саяси реттеу келешегін алыстата түседі.

Қазақстан Йемендегі әскери әрекеттердің әрі қарай өршуінің қолайсыздығы туралы өзінің қағидатты ұстанымына берік екендігін растайды және осы дағдарысты реттеудің жалғыз дұрыс жолы саяси шешім болатындығын жақтайды.

Осыған байланысты БҰҰ Арнайы өкілі Исмаил Ульд аш-Шейх пен өңір елдерінің Президент Абд Раббо Мансур Хадидің әкімшілігі және хуси қозғалысының өкілдері арасындағы тікелей келіссөздерді жандандыру бойынша күш-жігерлеріне қолдау білдіреміз.


Загрузка...

Басты тақырыптар