03:32 22 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD346.68
  • EUR404.02
  • RUB5.47
Портфель

Дін істері комитетін Ғалым Шойкин басқарды

© Sputnik / Илья Питалев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
22 0 0

"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" (2011) және "Ерең енбегі үшін" (2014) медальдарімен марапатталған, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыстарымен (2007, 2011) мадақталған.

АСТАНА, 3 қар — Sputnik. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі дін істері комитетінің төрағасы қызметіне Ғалым Шойкин тағайындалды, деп хабарланады ведомство сайтының хабарламасында. 

1977 жылы 1 қазанда Кокшетау облысында туған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2000), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын (2004), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Философия және саясаттану институтының аспирантурасын бітірген.

Саясаттану ғылымдарының кандидаты (2005).

2000 жылы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының оқутышысы.

2001 жылы – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ішкі саясат департаментінің жастар саясаты бөлімінің бас маманы.

2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Жастар саясаты департаментінің ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы.

2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің саяси жоспарлау секторының бас сарапшысы.

2006-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің қоғамдық-саяси жұмысы секторының меңгерушісі. Сонымен қатар, өзінің негізгі жұмысымен қатар 2008 жылдың 1 шілдесінен бастап 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің хатшы қызметін қоса атқарды.

2009-2012 жылдары – "Нұр Отан" ХДП Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2012 жылдың 19 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының орынбасары. 2014 жылғы тамыз бен 2016 жылғы қараша аралығында ҚР мәдениет және спорт министрлігі дін істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 

2016 жылғы 3 қарашадан бастап — Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі дін істері комитетінің төрағасы. 


Басты тақырыптар