Саясат

Елші: АҚШ-тың жаңа президенті Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастырады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАҚШ туы
АҚШ туы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ Конституциясына сәйкес, Дональд Трамп 2017 жылы 20 қаңтарда Америка Құрама Штаттарының 45-ші президенті ретінде инаугурация қабылдайды.

АСТАНА, 9 қар — Sputnik.  Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол АҚШ президенттік сайлауының нәтижесі жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады.

"Мемлекет басшысы ауысқанымен, Америка Құрама Штаттарының бүкіл әлемде бейбітшілік, тұрақтылық және тұрғылықты дамуды нығайтудағы мүддесі еш өзгеріссіз қалады. АҚШ пен Қазақстан қарым-қатынасы одан әрі дамып нығая береді. Өзара ынтымақтастығымыз Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы бойына екі елді байланыстырып отырған өзара сыйластық пен өзара ықылас негізінде жалғаса береді", — дейді Крол мәлімдемесінде.

Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Әлем
Дональд Трамп: бірқилы миллиардер және АҚШ президенті

Сонымен қатар, АҚШ Конституциясына сәйкес, Дональд Трамп 2017 жылы 20 қаңтарда Америка Құрама Штаттарының 45-ші президенті ретінде инаугурация қабылдайтындығы хабарланды. Олкүні Америка тарихында жаңа кезең басталады. "Бұл күні де біз стратегиялық серіктесіміз – Қазақстанмен ынтымақтастығымызды одан сайын тереңдетуге ұмтыламыз", — делінген елші үндеуінде.

Жаңалықтар
0