Саясат

Елбасы Сеулде Отан үшін құрбан болғандар монументіне гүл шоғырын қойды

© Sputnik / Александр ЮрьевСеул
Сеул - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы бір минут үнсіздікпен боздақтар рухына тағзым етіп, сондай-ақ Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

АСТАНА, 10 қар — Sputnik. Оңтүстік Кореяға ресми сапарының аясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отан үшін құрбан болғандарға тағзым етті деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысы Отан үшін құрбан болғандар монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысып, бір минут үнсіздікпен боздақтар рухына тағзым етті", — делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаевқа Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы атағы берілді

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Іссапар аясында Қазақстан Президенті Пак Кын Хемен кездесіп, келіссөздер барысында халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді және Қазақстан мен Корея қарым-қатынасының басты аспектілерін талқылайды, сондай-ақ оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда. 

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев іскер топтар өкілдерімен кездеседі және "Енсей" университетіне барады.

Жаңалықтар
0