Саясат

Ердоған Стамбулдағы террорлық актіге байланысты Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуТүркия президенті Режеп Тайип Ердоған
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркия басшысы көптеген адамның қазасына әкелген Стамбул қаласында орын алған террорлық актіге байланысты Қазақстанға келмейтін болды.

АСТАНА, 11 жел – Sputnik. Түкрия президенті Тайип Ердоған Стамбулдағы террорлық актіге байланысты Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды, деп хабарлайды РИА Новости NTV телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Түркия Республикасының президенті Реджеп Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 11-12 желтоқсанда Қазақстанға ресми сапармен келуді жоспарлаған. Келіссөздер барысында екі жақты және өңірлік мәселелері, сонымен қатар 2017 жылғы Түркияда екі ел президенттерінің төрағалығымен өтетін Түркия-Қазақстан жоғары деңгейдегі ІІІ стратегиялық ынтымақтастық кеңесіне (YDSK)  әзірлікті талқылау күтілген.  

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Стамбулдағы террорлық актіге байланысты көңіл айтады

Бастапқыда Түркия ІІМ басшысы Сулейман Сойлу Астана уақытымен сағат 01.30-да Стамбулдың орталық аудандарының бірі Бешикташтағы "Водафон Арена" стадионы маңында жарылыс орын алғанын хабарлаған. Министрдің ақпаратына сәйкес, жарылыстар орын алған аудандардың бірінде футбол матчының күзетін қамтамасыз еткен полицейлер мінген автобус өтіп бара жатқан. Кейіннен ол екінші жарылыстың болғанын хабарлады. Болжам бойынша жарылысты жанкешті жасаған. Теракт 1,5 сағат бұрын Түркиялық "Бешикташ" және "Бурсаспор" командалары арасында матч өткен стадион маңында орын алды.

Соңғы деректерге сәйкес, Стамбулдағы екі терактінің құрбандар саны 29-ға жетті. Бұл ретте олардың 27-сі полиция қызметкерлері. Жарылыстардан зардап шеккендер саны 166 адамға өсті. Террорлық актіде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ. Түркияда бір күндік қаралы күн жарияланды. 


Жаңалықтар
0