04:32 20 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Сирия

Сирия қақтығысы тараптарының келіссөздері Астанада өтеді

© Sputnik / Михаил Воскресенский
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер (45)
29 0 0

Қазақстан елордасы Сирия қақтығысы тараптарына бейбіт келіссөздер жүргізу үшін алаң ретінде ұсынылады

АСТАНА, 16 жел – Sputnik. Қазақстан елордасы Сирия қақтығысы тараптарына бейбіт келіссөздер жүргізу үшін алаң ретінде ұсынылады, деп хабарлады Ресей президенті Владимир Путин. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. 

Ресей басшысы екі күн бұрын Түркия президенті Режеп Ердоғанмен телефон арқылы әңгімелесу барысында қақтығыс талаптарына бейбіт келіссөздер үдерісін жалғастыруды ұсынатындары туралы келіскендерін атап өтті. 

"Біз президент Ердоғанмен қақтығыс тараптары, біз өз кезегімізде – Сирия үкіметіне, ал Түркия президенті қаруланған оппозиция өкілдеріне бейбіт алаңда бейбіт келіссөздер үдерісін жалғастыруды ұсынатынымыз туралы келістік. Ондай алаң ретінде Қазақстан елордасы Астана болар еді", — деп мәлім етті Путин Токиодағы баспасөз мәслихаты барысында. 

Егер қақтығыс тараптары келісетін болса, Ресей және Түркия президенттері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бұл үдерісті қолдауын сұрап, өтініш білдіруге ниетті. 

"Егер бұл жүзеге асатын болса, онда ол Женевамен дерлік бәсекеге түсетін алаңға айналмайды. Бірақ ол женевалық келіссөздерді толықтыратын болады", — деп түсіндірді ресейлік көшбасшы. 


Тақырып:
Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер (45)

Басты тақырыптар