04:32 20 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Ақорда

Путин мен Ердоған Астанада Сирия жөнінде келіссөздер жүргізуді ұсынды

© Sputnik /
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер (45)
20 0 0

Екі ел көшбасышларымен телефон арқылы сөйлескен сөзінде Нұсрұлтан Назарбаев Қазақстанның Сириядағы ахуалды бейбіт түрде реттеуге ынталы екендігін айтты.

АСТАНА, 18 жел – Sputnik.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен және Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Ресей мен Түркия Президенттері Елбасымен күн тәртібіндегі өзекті өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады. Ресей мен Түркия көшбасшылары Сириядағы қақтығысушы тараптар арасындағы ахуалды бейбіт реттеуге арналған келіссөздерді Астанада өткізуге мүдделі екендіктерін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдап, Қазақстан елордасында мұндай келіссөздер жүргізу үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев
© Foto: Сенат Парламента Казахстана

Қазақстан Президенті Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеуге бағытталған халықаралық деңгейдегі ұмтылыстарды біздің елдің әуелден қолдап келе жатқанын атап өтті.

В.Путинмен әңгімелесу барысында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысына және ҰҚШҰ саммитін өткізуге дайындық мәселелері талқыланды.

Түркия Президентімен сөйлесу кезінде Режеп Тайип Ердоған Астанаға биылғы 12 желтоқсанға жоспарланған іс-сапарының кейінге қалдырылғанына өкініш білдірді. Түркия көшбасшысы алдағы уақытта біздің елге келуге дайын екенін айтты.

Ресей мен Түркия елдерінің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, халқымызға бақ-береке тілеп, одан ары өсіп-өркендей беруімізге ниеттестік білдірді.

Тақырып:
Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер (45)

Басты тақырыптар