Саясат

Назарбаев пен Путин екі жақты және халықаралық мәселелерді талқылайды

© Официальный сайт президента РКНұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Ресей президенттері Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы алдында кездеседі.

АСТАНА, 19 жел — Sputnik. 26 желтоқсан күні Санкт-Петербургте Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей президенттері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясына қатысады деп хабарлады Кремль сайты.

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Саясат
Путин мен Ердоған Астанада Сирия жөнінде келіссөздер жүргізуді ұсынды

ЖЕЭК отырысы мен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының алдында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербург қаласында іссапармен болады. Ресей және қазақ көшбасшылары екі жақты және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды.

ҰҚКҰ отырысы аясында ЕАЭО елдері мен Тәжікстан басшылары Ұйым бойынша одақтық қарым-қатынастағы өзекті салаларды талқылайды. Жаһандық және аймақтық күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелер жөнінде пікір алмасу да жоспарланып отыр. Оның ішінде террорлық және экстремисттік қауіпке қарсы іс-қимыл, есіртікі және қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес сияқты тақырыптар қамтылады.

Жаңалықтар
0