Саясат

Ресейде Назарбаевқа "Жыл адамы" атағы берілді

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орыс биографиялық қоғамы Қазақстан президентіне халықаралық саясаттағы жетістіктері үшін сыйлық ұсынады.

АСТАНА, 23 жел  – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орыс биографиялық институты жариялаған "Жыл адамы-2016" сыйлығының лауреаты атанды деп хабарлайды Федералдық жаңалықтар агенттігі.

Елбасы қазақстандықтарға рақмет айтты - Sputnik Қазақстан
Видео
Елбасы қазақстандықтарға рақмет айтты

1993 жылы негізі қаланған сыйлық осымен 24-ші рет ұсынылып отыр, бұл жолы 1941 жылғы Мәскеу түбіндегі Жеңістің 75 жылдығына арналады. Сарапшылар кеңесі 14 номинация бойынша сыйлық жеңімпаздарын таңдады. Іс-шара Құтқарушы Христ ғибадатханасында Сергиев залында болды.

Қазақстан көшбасшысына халықаралық саясаттағы елеулі жетістіктері мен Еуразиялық экономикалық одақты нығайтуға қосқан үлесі үшін  "Халықаралық қатынастар" номинациясы бойынша сыйлық берілді. Назарбаев сыйлықты ұсыну салтанатына қатысқан жоқ, марапат Елбасының қолына ерекше құрметпен жеткізілетін болады.

Жаңалықтар
0