Саясат

Назарбаев Сирия бойынша келіссөздер үшін барлық жағдай жасауға уәде берді

© Sputnik / Болат ШайхиновНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана Сирия бойынша үш жақты келіссөздер жүргізу үшін барлық жағдайлар жасауға дайын.

АСТАНА, 26 жел – Sputnik. Қазақстан Сирия бойынша келіссөздерге қатысатын барлық тараптарды Астанада қабылдауға, ол үшін барлық жағдайлар жасауға дайын, деп мәлім етті Қазақтан президенті Нұрсұлтан Назарбаев РФ президенті Владимир Путинмен кездесу барысында. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.  

 "Сіздің ұсынысыңыз бойынша мәселенің шешімі: Қазақстан келіссөздер үшін барлық тараптарды Астанада қабылдауға дайын. Біз кеше сізбен, (Түркия президенті Тайып) Ердоғанмен және (Иран президенті Хасан) Роуханимен сөйлестік… Олардың барлығы келісіп отыр, олар келісіп, кездесулері үшін барлық жағдай жасаймыз", — деп мәлім етті Назарбаев.

Президент Путин бұрын түркиялық көшбасшы Тайып Ердғанмен Сириядағы қақтығыс тараптарына бейбіт келіссөздерін жаңа алаң Астанада жалғастыру туралы келіскенін мәлімдеген. Оның сөзіне қарағанда, ол женевалық келіссөздерді толықтыра алады. Ұсыныспен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев келісті. 

Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Путин мен оның ирандық әріптесі Хасан Роухани телефонмен әңгімелесу барысында Алеппоны азат ету бойынша операцияның сәтті аяқталуы Сириядағы терроризмді  толық жеңуге маңызды қадам болып табылады. 


Жаңалықтар
0